КАЛЕНДАРЬ 2025
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

Кәмен ұстаз - кемел ұстаз Жазушы, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Кәмен Оразалиннің туғанына 105 жыл Кәмен Оразалин (1920-2008) - 1920 жылдың 16 маусымында Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында туған. Белгілі жазушы, әртүрлі жанрда жазылған көркем шығармалардың авторы, қоғам қайраткері, Абайтану ғылымының негізін салушы. 1939 жылы Семейдегі №11 орта мектепті, 1947 жылы Семейдің педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Абай жолы, Мұхтар жолы дегенде аты қоса аталатын ардақты есімнің бірі – Кәмен Оразалин есімі. Ұлылар мекенінде дүниеге келіп, Абай мен Шәкәрімді терең білген, Мұхтарды қаламына арқау еткен қаламгер қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орнын алуға тиісті тұлғалардың бірі. Шығармалары: Абайдан соң: Роман.-Алматы: Жазушы, 2-кітап.1987, 3-кітап. 1989, 4-кітап.1995 Абай ауылына саяхат.-Алматы: Жалын.-1994.-288 б. Абайдан соңғы арыстар: Роман. 1 кітап.-Алматы:Елорда,2002.-464 б.; 2 кітап.-2003.-504 б.; 3 кітап.- 2004.-584 б. Ақ жазық: Роман.-Алматы, 1959. Аттаныс: Роман, повесть.-Алматы: жазушы, 1985.-528 б. Жексен: Повесть.-Алматы. 1950.-218 б. Көктем салқыны.-Алматы: Жазушы,1980.-478 б. Марапаттары: “Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі”, Октябрь Революциясы, ІІІ дәрежелі “ДАҢҚ” ордендерінің, ”ПАРАСАТ” орденінің және көптеген медальдардың иегері. Төрт рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки