КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

  

                Ескендір Г. «Парасат жолы» - өнегелілікке үндейтін жоба // Дәстүр. – 2021. - №3 . - 59 -62 б.                 

 

 

                     «Парасат жолы» - өнегелілікке үндейтін жоба

       ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өңірлерде «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Парасат жолы» орталығын  ашу қолға алынды. Орталықтың мақсаты – еліміздің ғалымдарымен, шығармашылық және  руханият өкілдерімен байланысты нығайта отырып, парасаттылықтың, ар-ұяттылықтың, өнегеліліктің идеологиясын дамыту. ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы ZOOM платформасы арқылы еліміздің барлық өңірлерінде  осындай орталықтардың ашылу салтанатын  ұйымдастырды. Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ұйымдастырылған шараға Атырау облысы Әкімінің орынбасары Б.Қ.Хаменова, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.А.Рысқалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы  бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ж.Мамыт, «Атырау – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Д.Әдиева, республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясы АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қ.Ә.Әуесбай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректорыС.Н.Идрисов, Қазақстанның Құрметті журналисі,  «Үздік өлкетанушы» атағының иегері Т.Ж.Жаңабай, жазушы, өлкетанушы,  Қазақстан Журналистер Одағының және Махамбет сыйлығының иегері Ө.Ә.Әлімгереев, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері Қ.Ө.Жылқышиев қатысып, өз пікірлерін білдірді.

          Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығының жетекшісі болып, белгілі өлкетанушы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ҚР жаратылыстану Академиясының академигі Өтепберген Әлімгереев тағайындалды. «Парасат жолы» орталығының алғашқы  шарасы  «Жұмысымыздың түпқазығы - адалдық» атты Дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысын Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының басшысы А.А.Рысқалиев жүргізіп отырды. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Тұрсынбайұлы Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жанұзақұлы Мамыт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық үгіт-насихат штабының Төрағасы, Облыстық «ATYRAY`» телеарнасының директоры Қанат Әуесбай, «Атырау – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Д.Әдиева, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы Сара Измұханбетова және тағы басқа облыс орталығындағы мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары қатысып, жастарды адалдыққа, өнегелілікке, парасаттылыққа баулу жұмыстарын өрбіту туралы өз пікірлерін ортаға салды.

         Осы «Парасат жолы» орталығы жобасының бастамашысы болып отырған ұйымның өкілі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының кеңесшісі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева және жазушы, қоғам қайраткері, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел  Атырауға іссапармен арнайы келіп, зиялы қауым өкілдерімен, мәдениет және өнер  мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу шарасы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың «Парасат жолы» орталығында ұйымдастырылды. Шара барысында орталық жұмысының басты мақсаты таныстырылып, қоғам қайраткерлері, жазушылар, мемлекеттік қызметкерлер, кітапхана басшылары, дін өкілдерімен және зиялы қауым өкілдерімен ақылдаса отырып, алдағы уақытқа бірқатар міндеттер мен іс-шаралар жоспарланды.

            Шараға қатысушылар ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Атырау облысы департаментінің басшысы С.С. Мүксімов,ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ж.Мамыт,ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері Қ.Ө.Жылқышиев, жазушы, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының және Махамбет сыйлығының иегері Ө.Ә.Әлімгереев, өлкетанушы А.Әміржанұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагері, профессор Ш.Нағымов, ҚР Ұлттық инженерлік Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.Т.Шырдабаев, ақын, Махамбет сыйлығының иегері Г.Р.Ниетқалиева, Еңбек ардагері, ғалым, академик Т.М.Сүйесінов, «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Д.Әдиева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры С.Н.Идрисов, Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы музыкалық колледжінің директоры Г.М.Садуахасова өз пікірлерін ортаға салып, жоба бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Атап айтқанда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының кеңесшісі Ж.Ж.Жылқышиева «Бұл жоба барлық мемлекеттік орган мен қоғамның арасында байланыс орнату үшін жасалған. Бір ғана мемлекеттік орган немесе агенттік жемқорлықты жоя алмайды, бұл кеселмен қоғам болып күресу керек. «Парасат жолы» жобасының негізгі мақсаты тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру. «Парасат жолы» орталығының кітапхана жанынан ашылу себебі жақсы тәлім-тәрбие, рухани байлық кітаптан бастау алады, кітап арқылы жастардың сана-сезімін бен ақыл-ойын дамытамыз,  сонымен қатар кітапхана жұмысын жаңғыртуға көңіл бөлуіміз керек», - деген пікірін білдірді.

Ал, жазушы, қоғам қайраткері, «Парасат жолы» орталығының жетекшісі С.Түгел,«Өңірге келгендегі мақсатымыз: Жаңадан ашылған тың жоба «Парасат жолы» орталығының жұмысымен танысу, жергілікті жердегі жемқорлық мәселесінің жай-күйі, халықпен пікірлесу, кеңесу. Жемқорлық – қарапайым халықты қанау, ұлтты тонау әрі сатқындық. Бұл кеселге тосқауыл қоюдың жолдарын қарастыру - біздің міндетіміз. ҚР Президенті Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жемқорлықтың тамырына балта шауып, желкесін қиюымыз керек, онсыз қарыштап алға даму мүмкін емес», - деген сөзімен толықтай келісемін. Жемқорлықпен күресте ешқандай тоқтау болмау керек. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып бірлескенде ғана біз бұл кеселді жеңеміз. Қазақты сырттан жау алмайды. Оған 2000 жылдық тарихымыз куә. Алайда, іштен шыққан жауды тоқтатпасақ болмайды. Шын мәнінде, бұл Қазақстанның дамуының аяғына шідер, жолына тосқауыл болып отыр. Бұл жобаның артықшылығы тұңғыш рет Қазақстан тарихында екі мәртебелі құрылым  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігі меморандумға қол қойды, Қазақстанда 12 500 кітапханада «Парасат жолы» орталығы ашылды, Жазушылар Одағы қолдады, Заң қатайтылды, мемлекеттік лауазымдағыларға сыйлық алуға тыйым салынды. Біз қазір балаларды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай қаланады. Бұл жоба үлкен бетбұрысты білдіреді, әрі халықтың қызу қолдауына ие болып отыр. Сондықтан бәріміз бірлесіп атсалысайық!» деп атап айтты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Атырау облысы департаментінің басшысы С.С.Мүксімов  мырза былай деп атап көрсетті: «Жемқорлыққа қарсы жаңа саясат 2015 жылы басталған болса, қазіргі уақытта сол саясаттың бел ортасында тұрмыз десек қателеспейтін шығармын.  Жемқорлыққа қарсы әдеп қалыптастырудағы жаңа жоба жақсы бастама, әрі бізге қажетті қоғамдық сана-сезім болады деп есептеймін. Атырау өңірінде 3000-ға жуық мемлекеттік қызметкер бар. Дегенмен, әр адам өзіне жауапкершілік алуы керек деп ойлаймын. Кітап әр адамның сана-сезіміне, мәдениетіне толықтай ықпал ететінін білеміз. Оқыған кітап мамандық таңдауға да әсер етуі мүмкін. Осы орйда үлкен жұмыс кітапхана басшыларына да жүктеліп отыр, сәттілік тілеймін. Қазіргі уақыттағы әдеп және мәдениетке тәрбиелейтін кітаптардың тізімі жасақталып, мемлекеттік қызметкерлерге оқуға таратылса» деген пікірін ортаға салды.

Ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері Қ.Ө.Жылқышиев: «Бұл көрегенді бастама. Әсіресе, кітапхана жанынан ашылуы дұрыс деп ойлаймын. Бұл істің пайдалы екендігі белгілі, бір жылда емес бәлкім 10 жылдықтың ішінде нәтиже беретіні сөзсіз, себебі ұрпақ ауысуы керек, сана қалыптасуы керек. Мақсат - жастардың санасында парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру. Заңды қатайту арқылы адамды түзеуге болмайды. Күресті заңнан, соттан, кешегі оқу бітіріп келген мамандардан бастауымыз керек. Жүйені  түгел қарастырмай, заңды қатайтқаннан ештеңе өзгермейді. Сондықтан білімді, білікті, гуманитарлық көзқарасы қалыптасқан мамандар даярлауымыз керек. Егер қарамағыңдағы адам пара алса, басшы неге жауап беруі керек? Адам аласы ішінде деген қазақтың мақалы бар. Бұл тұжырымды әлде де заң шығарушылар жан-жақты қарастырады деп ойлаймын. Пара, жемқорлық бұрыннан бар, сананы түбірімен өзгертпесек ол қайталана береді. Заңды қатайтқан сайын қылмыс та көбейе береді. Ең ауыр жаза – моральдық жаза. Жемқорлықпен күрестің жүйесін жетілдіру керек деп есептеймін.»

Өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының және Махамбет сыйлығының иегері, Облыстық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі  Ө.Ә.Әлімгереев: «Ең алдымен адам өзін-өзі тәрбиелеуі керек. Адамның жүрегі ақ болмай, қоғамдағы бұл дертті жою мүмкін емес. Шындықты бетке айту керек бұл дертпен жоғарыдан бастап күресуіміз қажет. Қаулы қабылдайық, шара қолданайық, заң шығарайық, бірақ ең алдымен тәрбиені адам өзінен бастаса деймін. Біз жазушылар неғұрлым адамның өзін тәрбиелеуге күш салуымыз қажет. Біз қолымызға қалам алғанда менің осы шығармам оқырманға қандай пайда береді деп ойлауымыз керек. Сонда ғана қоғамды тәрбиелей аламыз. Оңды шара, жалғасын тапсын!»

Д.Нұрпейісова атындағы Атырау халықтық музыка Академиясы музыкалық колледжінің директоры Г.М.Садуахасова: «Біздің оқу орнымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы. Сонымен қатар білім алушы оқушылар мен студенттерді адал, парасатты тұлға ретінде тәрбиелеу біздің парызымыз. Десе де, осы жерде айтылған бір пікірмен мен келіспеймін. Егер басшы адал болса, жұмысын таза жолмен атқарса, өзінің қарамағындағы жұмысшының пара алғаны немесе бергені үшін неге жауап беруі керек? Одан кейін пандемия кезінде жасырынып той, садақа немесе қонақ шақырғандарды хабарлаған адамға 20 000 тг көлемінде ақы төленеді деген хабар тарады. Менің көкейімде осындай іс-әрекетпен біз ақшаға қызықтыру арқылы сатқындарды өзіміз тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба деген сұрақ туындайды. «Парасат жолы» секілді жобалар қоғамға өте қажет, әрі жұмыла бірлескен жұмысымыз жемісін береді деген ойдамын» деп салиқалы ойларын ортаға салды.

Бүгінде Атырау облысындағы  ҚР Мәдениет және спорт Министрлігіне қарасты 144 кітапхананың барлығында да «Парасат жолы» орталықтары мен бұрыштар ашылып, алдын-ала жасақталған кешенді жұмыстар жоспары бойынша оқырмандарды адалдыққа, парасаттылыққа, өнегелілікке баулу бағытындағы ауқымды шаралар ұйымдастыру қолға алынып отыр.

                                                                 Гүлжан Шынтасқызы ЕСКЕНДІР

                                                                 Ғабдол  Сланов атындағы Атырау                      

                                                                 облыстық ғылыми әмбебап      

                                                                 кітапханасының жоғары санатты           

                                                                 әдіскері

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки