18 маусым күні кітапхананың арнаулы бөлімінде жазушы Кәмен Оразалинның туғанына 105 жыл толуына орай «Тасқын талант – Кәмен Оразалин» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Шара жазушының халық арасында кең тараған туындысы Мұхтар Әуезовтың жастық шағы баяндалған "Абайдан соң" романы, тың көтерудің алғашқы жылдары арқау болған "Аттаныс" романы, қазақ ауылын коллективтендіру кезіндегі таптық күрес, шиеленіскен тартыс суреттелген "Көктем салқыны" атты шығармалары оқырмандарға насихатталды.
Кәмен Оразалин 1920 жылдың 16 маусымында Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында туған. Белгілі жазушы, қоғам қайраткері, Абайтану ғылымының негізін салушы, "Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім" атағын алғашқылардың бірі болып алған ұстаз, бірнеше жоғары дәрежелі Үкімет наградаларының иегері, "Октябрь революциясы", Ш дәрежелі "Даңқ" және "Отан соғысы", "Парасат" ордендерімен марапатталған.