КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

“Мәдени мұра” бағдарламасы және кітапхана

 

Мәдени  мұра - бір сөзбен тұйықтауға келмейтін кең  ұғым.  Оған өнер атаулының  бәрі,  мейлі ән мен күй, жыр мен жыршы, жыраулық дәстүр, дуалы сөз, шешендік, сәулет  өнері, зергерлік, әр ұлттың критерийі - тіл, адамдық сипаты-имандылық, дін, оның өзіне тән уағыздары, т.б. жатады.

           Елбасының  жарлығымен 2004-2006 жж.  арналған “Мәдени  мұра” мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Бағдарлама аясында  ұлттық өнер салалары бір  жүйеге келтіріліп, ғасырлар бойы  сақталып келген көне жазбаларды зерттеуде біраз шаралар атқарылды десек, артық айтқандық емес.

“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы алға қойып отырған міндеттердің бірі - ел арасында немесе жеке кітапхана қорларында сақталған көне жазбалар  мен мәдени құнды деп табылған кітаптарды  кітап  қорына алдыру және ол басылымдарды өз қорында сақтауға немесе көпшілік қауымға ұсынуға  мүмкіндігі болмаған жағдайда,  ол жазбаларды  жоғары  техникамен жабдықталған  кітапханаларға  жіберіп, оның электронды нұсқаларын дайындау арқылы  көпшіліктің еркін пайдалануына жағдай туғызу.

          Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханада бағдарламаға сәйкес облыс  кітапханаларында атқарылатын шаралар жоспары жасақталып,  төмендегідей  жұмыстар жоспарланды: “Мәдени мұра” веб-сайтын жасақтау, “Атадан қалған аманат” атты акция шараларына қатысу,  қайта басылымы жарияланбаған көне кітаптармен жұмыс, осы заманғы ұлттық  мәдениет,  фольклор, салт-дәстүрлер жайындағы әдебиеттер  қорын толықтыру, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай және  т.б.  көпшілік шаралар,  кездесулер өткізу, “Тарихи-мәдени  мұраларды, оның ішінде сирек  кездесетін әдебиеттерді сақтау және оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу”  бағытында әдістемелік хат  даярлау.

         Жоспар бойынша кітапханада “Мәдени мұра-мәңгілік мирас” атты тұрақты кітап көрмесі жасақталып, жаңа материалдармен үнемі толықтырылып келеді.  31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне  орай  Н. Жантөрин  атындағы облыстық  филормонияда Ләтифолла Қапашевтің “Насихат Сүгірұлы  Еділ Жайық екі су” , “Банды Аманғали ісі”  кітаптарының тұсаукесер рәсімі өткізіліп, “ Замана зұлматы” тақырыбымен кең көлемді кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге  тұсаукесерге қатысты  материалдардардан  басқа кезінде қуғынға ұшырап, кейін ақталып, халқымен қайта қауышқан көптеген қазақ  зиялыларының шығармалары қойылып, библиграфиялық шолу жасалды.

       Кітапханада қайта басылымы жарияланбаған көне кітаптар 500-ден астам дананы құрайды. Біздің негізгі міндетіміз - біріншіден,  халық мұрасын, яғни көне кітаптарды сақтау, екіншіден, жазба  ескерткіштерді халық игілігіне ұсыну, оқырманның кеңінен пайдалануына жағдай жасау және насихаттау.

         Бұл әдебиеттердің ішінде ғасырдан астам  тарихы бар кітаптар кездеседі. Мысалы, Санкт-Петербургтен 1886  жылы шыққан И. А. Гончаровтың, 1900 жылғы Гейненің, 1906 жылғы М. Е Салтыкованың  толық шығармалар жинағы, Ленинград қаласынан 1934 жылы шыққан  “ Проблемы Волго-Каспия” , 1945 жылы “Советский писатель” баспасынан шыққан “Каспиское море”, 1937 жылы шыққан “Творчество народов СССР”, 1938 жылғы Гегельдің шығармалар жинағы, 1940 жылы шыққан “Творческая работа Э. Золя”,  1906 жылы Санкт- Петербург қаласынан шыққан Ф. А. Брокгаузь бен И. А. Ефронның  “Энциклопедиялық сөздігі” кітаптары үлкен сұранысқа ие.

         Қордағы мұндай әдебиеттермен жұмыс бұқаралық ақпарат құралдары, көрме, жарнамалық бетшелер,  буклеттер, плакаттар,  кітапханаға экскурсия жасау  арқылы жүзеге   асырылып отырылады.

        Осындай әрбір әдебиет - көне мәдениеттің қайталанбас ескерткіші болып табылады. Бұл  әдебиеттер енді қайта  басылмауы да мүмкін. Сондықтан бұл әдебиеттердің эстетикалық қалпын өзгертпей,  көздің   қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу - біздің  міндетіміз.

            Атырау облыстық “Тарихи мәдени мұраны қорғау” коммуналдық-қазыналық кәсіпорнымен бірлескен түрде өткен “Өз өлкеңді тани біл” атты зерделі кеңесте өлкеде кездесетін  тарихи ескерткіштердің бүгінгі жай-күйі, сақталуы, осы бағытта музейде, кітапханаларда атқарылуы тиіс жұмыстар жан-жақты талқыланды.

       Осы зерделі кеңесте кітапхана қызметкерлерінің  күшімен  жасақталған 

“Мәдени мұра. Культурное наследие” веб-сайтwww.madenimura.freenet.kz./ тұсауы кесілді.

         Өткенді зерделеуге бағытталған тағы бір айтарлықтай игілікті  іс- облысқа танымал мәдениет қызметкері, кітапхана ісін  дамытуға зор үлес қосқан,  Н. К. Крупская атындағы күміс медаль  иегері,  1956-80  жылдары  облыстық  кітапхана директоры  қызметін  атқарған Сәбира  Сисенқызы Тілесованның туғанына  80 жыл толуына орай  Атырау  қаласы  әкімінің 27. 04. 04. жылғы № 911 шешіміне  сәйкес ол тұрған Ж. Досмұхамбетов көшесіндегі  15 “а”  үй қабырғасына  орнатылған ескерткіш тақта болды.

       С.Сисенқызы 1956 жылдан бастап  өмірінің соңына дейін облыстық кітапхана басшысы болып қызмет істеді.  Оның ұсынысымен және тікелей араласуымен өзі еңбек еткен  жылдары облыста халықтың  сұранысына орай 200-ге жуық аудандық, ауылдық кітапханалар ашылды.  Көптеген елді мекендерге көшпелі кітапханалар ұйымдастырылып,   кітапханаларға  жаңа  ғимарат  салу   жұмысы  жүргізілді.  Республика,  одақ  көлемінде кітапхана ісін  дамыту саласында  өткен  зерделі  кеңестерге  қатысып,   кітапханаларда  кітап  қорын  сақтау,   кітапханаларды  орталықтандыру  және  т.б. жұмыстарды жүргізуде көп еңбек  сіңірді.

            Кезінде Сәбира Сисенқызымен жұмыстас болған көзкөрген әріптестерінің, туғандарының естеліктері, фотосуреттер жинақталып, “Өн-бойы тұнған өнеге” атты естелік кітапша құрастырылды.

           Бұл жерде, егемен  ел атанып, мәдени құнды  мұраларымызды жинақтап, тарихымызды таразылай бастаған кезде,  өмірден  өткен аяулы жандарымыздың үлгілі  істерін, өнегесін бүгінгі ұрпаққа жеткізу  басты  міндет деген  қағиданы ұстанған бұл шараны өткізу жөнінде  ұсыныс  беріп, әрі қарай жүзеге  асырылуына ұйтқы болған кітапхана директоры Қ. Керейқызының еңбегін  айрықша атап өткен жөн.

            Бүгінде кітапханада “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасына орай жұмыстар өз жалғасын табуда.                                                                                             

             

/«Кітапхана» журналы, №2, 2006/

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки