КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы      

          Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен алдаспан ақын, аруақты батыр Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы» тақырыбында республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.

          Жиынға еліміздегі махамбеттанушы ғалымдар, еліміздің көпшілік кітапханаларының қызметкерлері, ақын-жазушылар, оқырмандар қатысты. Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, қайраткер ретіндегі алып бейнесін республика жұртшылығына жан-жақты таныстыру, есімін ұлығылау конференцияның басты мақсаты.

          Конференцияда ақын, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Жүсіп Қадыр Өтегенұлы «Махамбет жырларындағы Исатай батыр бейнесі», Маңғыстау облысынан филология ғылымдарының кандидаты Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Қабылов Әділет Дыбысұлы «Әбіш Кекілбаев және Махамбеттану», Қостанай облысынан филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры Ақылбек Шаяхмет «Даланың дауылпаз жыршысы», махамбеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, «Педагогикалық шеберлік орталығы» Атырау қаласы филиалының аға менеджері Тажигалиева Алтыншаш Сагиевна «Фариза поэзиясының темірқазығы – Махамбет», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Хайыржанова Бибігүл Селиханқызы  «Махамбет шығармашылығындағы отансүйгіштікке тәрбиелеудің өнегесі», ғалым, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессоры, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстанның үздік өлкетанушысы, Махамбет сыйлығының иегері Шамғонов Амангелді Шамғонұлы «Махамбет Өтемісұлы ғұмырнамасына байланысты әрқилы деректер» тақырыптарында баяндама оқыды.   

          Конференция барысында кітап көрмелерінің таныстырылымы, Махамбет өмірі мен шығармашылығын, өмірінің беймәлім  қырларын, елімізде ақын атын иеленген нысандар тізбесін, фотошежіре т.б. қамтитын «Сөйлесем даусым аңқыған...» атты тақырыптық блоктың тұсаукесері мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Хайыржанова Бибігүл Селиханқызының «Махамбет шығармалары арқылы жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мен оқытудың өнегесі» атты монографиялық еңбегінің тұсаукесері өтті.

          Конференция аясында журналист, «Үш қоңыр» республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газетінің бас редакторы Махамбет атындағы халықаралық қордың Махамбет атындағы сыйлығымен педагогика ғылымдарының докторы, профессор Иманғалиев Асхат Сәлімұлы, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Таубаев Бақытбек Жұбандықұлы, Махамбет ауданының тұрғыны, зейнеткер Ұлжалғас Байжұманқызы, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана басшысы Измұханбетова Сара Салахединқызы, Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана басшысының орынбасары Айсағалиева Гүлжан Смағұлқызы мен библиографы Нұржамал Ашықбайқызын марапаттады.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/posts/674856038113348

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер