КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Ғ.Сланов 1911 жылғы 11 қыркуйекте Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Мақаттағы мұнай кәсіпшілігінде жұмыс істеді. 1930 жылы Алматыға аттанады, 1931 жылдың сәуірінде “Еңбекші қазақ”(қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетіне жұмысқа қабылданады, 1940 жылдың күзіне дейін әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі. Бұл жылдары оның қаламынан тамаша әңгімелер, очерктер, фельетондар туып, журналистік шеберлігі нығая түседі.

1938 жылы Ғабдол Слановтың “Өмірдің асқан биігінде” атты очерк, әңгімелер жинағын шығады. Ал, 1939 жылы “Арман ағысында” повесі жарыққа шығып, Ленин комсомолының 20 жылдығына арналған республикалық конкурста сыйлыққа ие болып, 1940 жылы жеке кітап болып басылып шықты.

Ғ.Слановтың келесі шығармасы - “Дөңасқан” 1941 ж. жарық көрді. Бұл роман 1958 ж. және 1965 жылдары екі мәрте   “Степь да степь” деген атпен  орыс тілінде басылып шықты. 

Ғ.Сланов шығармалары М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов шығармаларымен қатар қазақ прозасының қалыптасуы мен дамуына қосылған дүниелер болды. Автордың өзі жазушы ретінде кеңінен таныла басталады.

Араға біраз жылдар салып 1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Атырау мұнайшыларының еңбегін суреттейтін “Жаңартау” романы жарыққа шықты. Роман қазақ әдебиетіндегі елдегі жұмысшы табына, Қазақстан мұнайшыларына арналған алғашқы шығарма болып саналады.

1949 жылы “Кең өріс” деген атпен  повесть күйінде, ал қайта өңделіп, көлемі ұлғайып, 1954 жылы “Шалқар” деген атпен роман болып басылып шықты. 

Кейін “Шалқар” романы “Советский писатель” баспасынан орыс тілінде басылып шықты.

1963 жылы жазылған  “Асау арна” романы Жетісудағы жұмысшы табының қалыптасуына арналған. Бұл роман да орыс тілінде  басылып шықты.

Жазушының соңғы және аяқталмаған шығармасы “Айқайтас” романы.

Ғ.Сланов тек проза саласында ғана өнімді еңбек етіп қана қойған жоқ. Сондай-ақ, ол тамаша очерк жазушы, нағыз публицист, талантты журналист ретінде танылды.

Оның көптеген очерктері, көкейтесті мәселелер бойынша мақалалары алты томдық жинағына енді. Ғ.Сланов қаламынан ақберен батыр, дауылпаз ақын Махамбетке арналған бірегей драмалық шығарма туды. Пьеса М.Әуезов атындағы академиялық театрдың және жергілікті облысаралық драма театрының сахналарында қойылды.

Жазушы аударма саласымен де шұғылданады. Ол А.Фадееевтің “Жас гвардия” романын қазақ тілінде аударды.

Сланов Ғ. Бесжылдықтың өрендері: Әңгіме, очерктер жинағы. – Алматы, 1951.–223бет.                                                                                                            

Сланов Ғ. Шалқар: Роман. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббасс, 1954. – 336 бет

Сланов Ғ. Азамат: Әңгімелер. – Алматы,1966. – 100 бет.

Сланов Ғ. Замана шежіресі: Жазушы жазбаларынан. – Алматы, 1970. – 296 бет.

Сланов Ғ. Шығармалар жинағы. Алты томдық. – Алматы, 1977.

                    Т.1: Дөң асқан: Роман. Махамбет: Пьеса. – 380 бет.

Сланов Ғ. Шығармалар жинағы: Алты томдық. – Алматы, 1978.

                    Т.2: Асау арна: Роман, очерктер. – 440 бет.

             Т.3: Повестер. – 1979. – 456 бет.

Сланов Ғ. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1981.

             Т.4: Шалқар: Роман: Очерктер және әңгімелер. – 488 бет.

                    Т.5: Жанартау: Роман, очерктер, мақалалар. – 444 бет.

                    Т.6: Айқас тас: роман, очерктер, мақалалар. – 392 бет.

Сланов Ғ. Тау алыстаған сайын биік //Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. – Алматы: Жазушы, 1997. – 271-276 бет.

Сланов Ғ. Ана тіліміз көркейе берсін: Тіл мәдениеті мәселесі //Жұлдыз. – 1998. - №1. – 199-201 бет.

Сланов Ғ. Қаныш Сәтпаев //Абай– 1999. - №2. – 41-42 бет. 

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер