КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Жоба жайлы қысқаша:
•    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мемлекеттік электронды кітапханалық қорды құру» жобасы «2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 
•    Жобаны жүзеге асыратын база – Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (ҚРҰАК). 
Мақсаты:
Жобаны жүзеге асыру барысында МЭКҚ-ҚазҰЭК автоматтандырылған ақпараттық кітапханалық жаңа жүйесі әрі қолжеткізу нүктесі ретіндегі порталдың, электронды сақтау қоймасының технологиялық платформасы әзірленеді. Ақпараттық жүйе әлемдік кітапханалық каталогке ықпалдасу мен өзара іс-қимыл есебіне, халықаралық кітапханалық стандарттарға сәйкес, сондай-ақ келешектегі Қазақстандық бірегей ақпараттық кітапханалық желіге арналған база ретінде қолдану үшін әзірленеді.

Мемлекеттік электронды кітапханалық қор каталогы мен депозитарлық әрі пайдаланушылар қоры арқылы кітаптардың электронды көшірмелерінің Бірегей электронды сақтау қоймасын құру. Электронды сақтау қоймасына ену ҚазҰЭК порталы арқылы келесі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:www.kazneb.kz. Портал әр түрлі режімдегі Интернет арналарының электронды каталогы арқылы электронды сақтау қоймасына ену мен электронды тапсырыс не толық мәтін бойынша электронды құжаттардың көшірмелеріне қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етуі тиіс.
ҚазҰЭК ақпараттық ресурстарды пайдалану тек кітапханашы көмегімен жүзеге асырылады. 
•    Жобаға қатысушы-кітапханаларға тіркелген оқырман – тұтынушы бола алады.
Қолжеткізілім деңгейіне сәйкес, ҚазҰЭК пайдаланушысы кітапханалық қызметтің кез келген түрін тұтынуға құқылы: 
•    Барлық категориядағы пайдаланушылар үшін: 
o     Электронды каталогтан ақпарат іздестіру; 
•    Авторландырылған портал пайдаланушылары үшін: 
o    оқу режімінде электронды көшірмелерді қарау; 
o    кітап беттерін құрастыру, көшіру; 
o    кітапханашыға сұрақ қою мүмкіндігі – виртуальді
o    анықтама қызметі;
•    Жоғарыда аталғандардың барлығы да жобаға қатысушы кітапханаға тіркелген оқырмандарға арналады, сондай-ақ:
o    ҚРҰАК Каталогында таңдалған туындылардың электронды көшірмелерінің үзінділерін беру (электронды пошта арқылы әзірлеу әрі жеткізу).
Әзірге ҚазҰЭК тәжірибелік пайдаланылуда – яғни негізгі кітапхана ретінде оқырмандардың нақты қорларға сұраныс жасап, оны пайдалануына мүмкіндік беруде Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ғана алға шықты. Әрі қарай жобаға өзге де қазақстандық кітапханалар енгізілетін болады.   

Кітаптардың электронды көшірмелерінің коллекциясы еліміздегі көптеген кітапханалар қорлары есебінен толықтырылуда, соның ішінде: Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми Орталығы, Президенттік Мәдениет Орталығы кітапханасы, облыстық кітапханалар, жоғары оқу орындарының кітапханалары және жеке авторлар тарапынан: танымал ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері. ҚазҰЭК электронды сақтау қоймасына келіп түскен басылымдардың қомақтысы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жарық көрген кітаптар болды.

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер