КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Құжаттарды электрондық жеткізу қызметі өз жұмысын 2001 жылдың сәуірінде бастады. Құжаттарды электрондық жеткізу қызметі Ұлттық кітапхана қорындағы құжаттардың электрондық көшірмелеріне тапсырыс беру мүмкіндігін ұсынады. Тапсырыс www.nlrk.kz кітапхана сайтындағы модуль арқылы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. электрондық поштасымен, сонымен қатар 1 қабатта орналасқан Мультимедиялық қызмет бөлімінде қабылданады.

Заңды тұлғалар үшін электрондық көшірмелерге ресімделген келісімшарт негізінде қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылады.

Ұлттық кітапхана қорынан алынған электрондық көшірмелерді ғылыми және білім беру мақсаттарында ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Кітаптардың электрондық көшірмелері Қазақстан Республикасының «Авторлық және аралас құқық туралы» Заңына ( ІІ б. 20-б. 2-т) сәйкес жасалады. 

Назар аударыңыз! ҚЭЖ қызметі диссертациялардың және 1900 жылға дейінгі сирек кітаптардың электрондық көшірмелерін жасамайды. Олардың көшірмесін жасау мүмкіндігі кітапхана әкімшілігі, диссертация бөлімі Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. және Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. арқылы анықталады.

Құжаттарды электронды жеткізу қызметін пайдалану ақылы болып табылады, тапсырыс құны ҚР Ұлттық кітапханасының ақылы қызметтер тізіміне сәйкес анықталады. Тапсырысты модуль, электронды пошта, факс арқылы немесе кітапхананың өзінде ресімдеуге болады.

Сізге тапсырыс берудің екі үлгісі ұсынылып отыр: ақпаратты тақырып бойынша іздестіру және әдебиеттердің библиографиялық тізімін ұсыну мерзімді басылымдардағы, жинақтардағы мақалалардың, кітап үзінділерінің (15% аспайтын), авторефераттардың электрондық көшірмелерін дайындау

Қызмет көрсетулердің төлемі

Тапсырыс қабылданып, өңделгеннен кейін оның орындалу мүмкіндігі, мерзімі және бағасы жайында Сізге хабарланады. Осыдан кейін төлемақы тапсырыс беруші тарапынан рәсімделеді. Алматы тұрғындары төлемді қолма-қол жүргізеді. Басқа қалалықтар төлемақыны ҚР Ұлттық кітапханасының есеп шотына аударады. Банктегі төлем құжаттарында: «Құжаттарды электронды жеткізу» деп төлемнің тағайындалуын көрсету қажет.

Ұзақ мерзімді ынтымақтастықтарға қызығушылық білдірген мекемелер (ұйымдар) үшін келісімшарт жасасуды ұсынамыз

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер