КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

КІТАПХАНА ТАРИХЫ

 

1920 жылғы 19 қаңтарда Халық ағарту уездік бөлімі Гурьев революциялық комитетінің мектептен тыс бөлімінде кітапхана бөлімшесі болып құрылды.

Әкімшілік-территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты кітапхана:

  • 1926 ж. – 15 мамырда уездік:
  • 1927 ж. – 13 маусымда орталық;
  • 1928 ж. – 17 қаңтарда округтік;
  • 1930 ж. – 17 ақпанда аудандық;
  • 1933 ж. – 1 шілдеде қайтадан округтік;
  • 1938 ж. – 12 ақпаннан бастап облыстық кітапхана болып құрылды.

Аудандарда аудандық кітапханалар құрыла бастады.

  • 1948 ж. – Гурьевте және облыс аудандарында 28 кітапхана, бұдан басқа мектептерде, техникумдар мен өндірісте 42 кітапхана болды. Осы жылы облыста тағы да 7 кітапхана ашылды.
  • 1953 ж. – облыстық кітапхананың ішкі бөлімдері: екі абонемент, оқу залы, көшпелі кітапхана ашылып, 6 қызметкер жұмыс жасады.
  • 1957ж. – маусым айында облыстық кітапханада әдістемелік кабинет құрылды.Оның мақсаты – аудандық,ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету, алдыңғы қатарлы іс-тәжрибелерді тарату.
  • 1959 ж. – кітап қорын толықтыру және өңдеу, библиография бөлімдері ұйымдастырылды.

Әдістемелік және библиография бөлімдері өздері құрылғаннан бастап облыс кітапханаларының жұмысына басшылық жасап, әдістемелік көмектер көрсетумен қатар, кітапханашылардың кәсіби мамандықтарын арттыру және білімін жетілдіру мақсатында курстар, стажировка-практикумдар, зерделі кеңестер өткізе бастады.

  • 1978  -1995 жж. аралығында облыстық кітапханаларда, Жылыой, Балықшы, Исатай, Махамбет, Құрманғазы аудандық орталық кітапхаларда әртүрлі тақырыптарда зерделі кеңестер ұйымдастырылды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жарияланған «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», «Халық бірлігі мен ұлттық тарих», «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы», «Мәдениетті қолдау», «Тәуелсіздіктің 10 ждылдығы», «Денсаулық сақтау» жылдары кітапханалар осы бағытта әдебиеттерді насихаттап, көпшілік шаралар өткізді.

  • 1995 ж. – Стамбулда өткен Халықаралық кітапханалар қауымдастығының 61-ші бас конференциясы жұмысына қатысты.
  • 1997 ж. – Кітапхана процестерін автоматтандыру жұмысы басталды.
  • 1998 ж. – Облыстық кітапхананың құрылғанына 60 жыл - ғылыми - практикалық конференция өткізілді.

Республикалық кітапханашылар съезіне облыстан делегаттар қатынасты.

Кітапхана ҚР Кітапханалар қауымдастығына мүше болды.

  • 2000 ж. – Кітапханада “РАБИС” бағдарламасы бойынша электронды каталог  жасақтала бастады.
  • 2001 ж. – Кітапханаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы  24 шілдедегі №1000 қаулысымен облыстық кітапханаға қазақ жазушысы Ғабдол Сланов есімі берілді.
  • 2002 ж. – IREX-IATP - Интернетті қоғамдық пайдалану орталығымен серіктестік құрылды.
  • 2003 ж.–Берлинде өткен Халықаралық кітапханалар қауымдастығының 69-ші бас конференциясы жұмысына қатысты.
  • Күрескер-ақын М.Өтемісовтің 200 жылдығына орай “Махамбет-200” веб-сайты жасақталды.
  • 2004 ж. –“Мәдени мұра” веб-сайты жасақталды.
  • Кітапхана веб-сайты жасақталды.
  • 2005 ж. – Кітапханада  Американдық бұрыш/кітапхана/ашылды.
  • 2006 ж. – Кітапхана мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды.
  • 2009 ж. –10 шілдеде «Нұрсая» ықшам ауданында бой көтерген Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының жаңа ғимараты ашылды. Ғимараттың ашылу салтанатында мәдениет саласы ардагері О.Қарасаев, кітапхананың жарты ғасырдың үстінде байырғы оқырманы, профессор Қ.Жүсіп, облыс әкімі Б.С.Рысқалиев, кітапхана басшысы Қ.К.Қабиева өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді.

 

Атырау облысы кітапханалары

 Негізгі оқиғалар

1991 жыл

         • Исатай ауданына қарасты  Қызылүй,  Кетешағыл, Забурын селолық филиалдары жаңа орынға көшірілді. Қызылқоға ауданындағы Миялы орталық кітапханасы бұрынғы аудандық Атқару комитеті үйіне көшірілді. Мақат аудандық орталық кітапхананың оқу залына аудандық Атқару комитеті үйінен орын берілді.

        •  Облыс бойынша 249 кітапхана, оның ішінде, 8 аудандық, 1 орталық қалалық, 1 облыстық ғылыми әмбебап, 1 облыстық жасөспірімдер, 1 облыстық балалар, 191 селолық, 254.213 дана  кітап қоры, 181556 оқырманға 3.094.489 дана кітап берілді.

 1992 жыл

         •  Облыс бойынша 239 кітапхана халыққа қызмет көрсетті. Жалпы кітап қоры 2.522.737, оның ішінде қазақ тілінде 1.011.143 дана, кітап берілімі 2.975.039, қазақ тілінде 1.457.439, оқырман саны – 172.901 болды.

         •  Облыс кітапханаларында қазақ тіліндегі әдебиеттерді кеңінен насихаттау, пайдалану және толықтыру мәселелері қолға алына бастады.

 1993 жыл

 

        •  Облыста халыққа 226 кітапхана, соның ішінде 165 селолық кітапхана қызмет етті.

        • Исатай аудандық орталық кітапханасында «Өлкетану және қазақ тіліндегі әдебиеттермен жүргізілетін жұмыстарды одан әрі жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар-кеңес болып өтті.

        • Қазақтың жезтаңдай шешені, айтыстың төкпе ақыны Мұрат Мөңкеұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Төкпе жырдың төресі» атты облыстық сайыс өтті.

        •   1992 жылы кітап қорын толықтыруға арналып облыстық бюджетте орталықтандырылған қаражат 4968 теңге болса, 1993 жылы 21264 болып, яғни 16296 теңгеге көбейтілді.                                                     1994 жыл

 

         • Халыққа 224 кітапхана қызмет көрсетіп, олардың кітап қорларын толықтыруға 392523 теңге қаражат бөлінді. 1993 жылғымен салыстырғанда, 371259 теңгеге көбейтілді. Сөйтіп, кітап қоры 17017 данаға өсті. Осы жылы қазақ тіліндегі кітаптар 57244 дана болды, яғни қазақша кітаптар түсімі 3164 данаға артты

 

                                                                                                                                1995 жыл

 

          • Облыста 223 кітапхана тұрғын халыққа қызмет көрсетті. Бұл жылы облыс кітапханаларында кітап қорын толықтыруға 4.500.000 теңге бөлініп, кітап қоры молайды.     

         •  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет Министрлігінің «Кітап қорын қайта бағалау» жөніндегі қаулысына сәйкес облыс кітапханаларының кітап қорындағы кітаптардың құны қайта қаралды.

        • Ата Заңымыз – жаңа Конституциямызды насихаттау бағытында көпшілік шаралар жүргізілді.

           •  Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай облыстық кітапханада ақын шығармаларын  насихаттау мақсатында «Сәулең болса кеудеңде...»  атты облыстық сайыс өтті.

           •   Индер аудандық орталық кітапханасында жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Махамбет аудандық орталық кітапханасы жаңа орынға көшірілді.

 

                                                                                                                                     1996 жыл

            •    Облыстағы 223 кітапхананың 60-ы қысқарып, 163 кітапхана жұмыс істеді.

•    Облыс кітапханаларының кітап қорын толықтыруға 2.555.592 теңге бөлінді.     

• Кітапханаларда ҚР Тәуелсіздігінің бес жылдығына, Желтоқсан оқиғасының он жылдығына, ұлы ақынымыз Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойына орай айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

            •  Индер аудандық ОКЖ бойынша Кулагино селолық кітапханасы бұрынғы балабақша үйіне көшірілді. Исатай аудандық ОКЖ-ге қарасты Нарын селолық кітапханасына жаңа мекен-жай берілді.

 

1997 жыл

 

            •  Облыс бойынша 88 кітапхана жұмыс істеді. Олардың кітап қоры 1837529, оқырман саны – 150514, кітап берілімі – 2786121 болды. Облыс кітапханаларының қорына 3113, қазақ тілінде 1888 дана кітап түсті.

           • Кітапханаларда ҚР Президентінің «Қазақстан-2030» Халыққа Жолдауы болашақ өмірімізді айқындайтын құжат есебінде танылып, оқырмандар арасында кеңінен насихатталды.

           •    Көрнекті жазушы М.О.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына орай «Біз Әуезовті білеміз бе?» атты облыстық кітапханашылар сайысы өтті. Барлық шаралар «Ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» шеңберінде өтті.

1998 жыл

 

            •    Облыста 4 кітапхана қысқарып, 84 кітапхана халыққа қызмет көрсетті.

            •   Кітап қоры – 1.751.943, оқырман саны-138.661, кітап берілімі-2.698.830. Кітап қорына 1408, қазақ тілінде 952 дана кітап қосылды.

            •  Исатай, Махамбет ОКЖ-ге қарасты 13 кітапхана жеңіл жөндеуден өтті. Кейбір кітапханалар басқа мекен-жайға көшірілді.

            •    «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» аясында Атырау облысының 60 жылдығына, ұлы күйші Құрманғазы  Сағырбайұлының  175 жылдығына, Облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың 60 жылдығына, тұңғыш рет аталынған Қазақстан Республикасы Халықтарының тіл мерекесіне т.б. орай көпшілік шаралар өткізілді.

            •   Облыста кітапханалар Қауымдастығы құрылып, Алматыда өткен кітапханашылардың ІІ Республикалық кітапханашылар съезіне облыс кітапханаларынан өкілдер қатысты.   

 

1999 жыл

 

            • Облыс кітапханаларының кітап қоры 1.749.356, кітап берілімі 2.727.201 оқырман саны 137.407 болды. Кітап қорына 73.119, ал, қазақ тілінде 32.888 дана кітап түсті. Облыстық жасөспірімдер, балалар, зағиптар кітапханалары компьютерлермен жабдықталды.

           •    № 2 қалалық орталық кітапхана екі қабатты мекен-жайға көшірілді.

           • Индер аудандық ОКЖ-ге қарасты аудандық балалар, Құрылыс, Елтай ауылдық кітапханалары, Исатай аудандық орталық кітапханасы жаңа орынға көшірілді.

           • «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» аясында Қазақстан мұнайының 100 жылдығына, көрнекті ғалым, академик Қ.И.Сәтбаевтың 100 жылдығына және тағы басқа шаралар өткізілді.

 

2000 жыл

 

 • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы облыстағы бір кездері жабылып қалған кітапханалардың қайтадан ашылуына септігін тигізді. Бұл жылы 57 кітапхана өз оқырмандарына есіктерін қайтадан ашты. Облыс бойынша мемлекеттік жүйеге қарайтын 141 кітапхана жұмыс жасады.

            •   Кітапхана үрдістерін автоматтандыру мақсатында облыс кітапханаларына компьютерлер алынды.

            •  «Мәдениетті қолдау жылының» берекелі шарасы ретінде өткен жалпыхалықтық «Қамқор» мәдени акциясының екінші кезеңі бойынша кітапханаларға оқырмандар, жерлес жазушылар, кітап жанашырлары кітаптарын сыйға тартты.

           •   Осы жылы кітапханалардың кітап қорын толықтыруға 7.038.800 теңге қаржы бөлініп, 274.109 дана жаңа әдебиеттер алынды. Кітап қоры 1.894.262, қазақ тілінде 782.737 данаға жетті.

 

       2001 жыл

 

•  ҚР Президентінің жарлығымен «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» жылы болып жарияланды.  Тәуелсіздіктің он жылдығы республикамыздың саяси және мәдени - рухани өміріндегі басты мақсат-өткен жолымыздың түпкі мәнін, өзіміз жасаған таңдаудың мән-маңызын ой елегінен өткізу. Облыс кітапханалары біршама игі істердің ұйтқысы болды.

            •   Махамбет, Қызылқоға аудандық ОКЖ-лері бойынша аудандық балалар кітапханалары қайтадан ашылды.

             •  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 24 шілдедегі № 1000- қаулысымен Облыстық ғылыми әмбебап кітапханаға жерлес жазушы Ғ.Слановтың есімі берілді.

2002 жыл

 

• Ақберен батыр, дауылпаз ақын Махамбет бабамыздың 200 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде тойлануына орай кітапханаларда мерейгер шығармашылығын насихаттауға бағытталған көпшілік шаралар өтті. Облыстық кітапхана мамандарының күшімен Махамбет бабамызға арналған web-сайттың материалдары әзірленді.

           •  Атырау қаласы әкімінің 2000 жылғы 15 тамыздағы №2087 шешіміне сәйкес ескі қала тұрғындарын кітаппен қамту үшін 1 қалалық ОКЖ-ге қарасты жылжымалы автокітапхана № 4 қалалық кітапхана болып басқа мекен-жайға көшірілді. Осы қаулы негізінде аталған мекен-жайдан № 3 қалалық балалар кітапхана-филиалы ашылды. Сөйтіп, облыста мемлекет жүйесіне қарасты кітапханалар саны 146-ға жетті.

  • Кітапхана директоры Қ.К.Қабиева «Еуразиялық мәдениет және кітапхана ресурстарының интеграциясы» тақырыбында өткен Орал – 2002: Қазақстанның  кітапханалар астанасы республикалық конференцияға қатысып «Кітапханалар мен ұлттық мәдени орталықтардың өзара ықпалдастығы» туралы баяндама жасады.

          • «Кітапханалар-ақпараттық еркіндікті пайдалану орталығы» атты облыстық зерделі кеңес өтті.

2003 жыл

 

            • Наурызда Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Махамбет бабамыздың 200 жылдық мерейтойына арналған веб-сайттың тұсаукесер рәсімі болды. Кітапхана қызметкерлері Махамбетке қатысты деректерді жинақтап веб-сайтқа енгізуге үлкен үлес қосты. Бұл Махамбет шығармашылығын насихаттауға арналған тың қадам болды.

          • Облыстық Мәдениет басқармасы, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі қаламгер, драматург Б. Қорқытовтың  75 жасқа толу мерейтойына арналған шығармашылық кеші болып өтті. Кеште кітапханаға қаламгердің «Сахна сандығы» кітабының алғашқы данасы табыс етілді.

         •  «Ауыл кітапханаларын дамытудың  2003-2005 жылдарға арналған даму бағдарламасы» жасақталды. Осы бағдарламаға сәйкес облыстық кітапхана базасында аудандық орталық кітапхана қызметкерлерін комьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында облыстық мәдениет басқармасының қаржыландыруымен 7 аудандық орталық кітапхананы компьютерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылды.

 

2004 жыл

 

• Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен қабылданған 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес «Атырау облысы кітапханаларында атқарылатын шаралар жоспары» жасақталды. Осы жоспарға сәйкес атқарылған ауқымды шараның бірі- «Мәдени мұра-Культурное наследие» веб-сайты жасақталып, ғаламтор жүйесіне қосылды.

           •  «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес облыстық кітапхана қорындағы 400-ге жуық сирек әдебиеттердің тізімі жасақталды.

            • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы 12 желтоқсандағы ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы қаулысымен  Облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Жібек Идиятқызы Досбергенова «Құрмет» орденімен марапатталды.

            • Кітапханаларда қазан айында кітапханашылардың кәсіби мерекесі тойланып жетістіктерге жеткен кітапханашылар аудандық мәдениет бөлімдерінің «Алғыс хаттары» мен бағалы сыйлықтарына ие болды.

 2005 жыл

 

   • Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы №3 шешімімен «Арыс» кітапханасы ашылды.

           • Атырау облысы әкімінің шешімімен облыстық мәслихаттың ІХ сессиясында Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл елді мекенін ауылдық елді мекен категориясына жатқызу жөнінде /ҚР «Әкімшілік-территориялық орналасу туралы Заңының» ІІ бабының  3 тармағына сәйкес, 8 желтоқсан, 1993 жыл/ шешім қабылданды.

           • Жылыой, Индер, Құрманғазы аудандық орталық кітапханалары РАБИС бағдарламасын орнатып, кітап қорының электронды каталогын жасақтауға кірісті.

           •  Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Мемлекеттік департаменті мен ОҒӘК өзара ынтымақтастығы нәтижесінде Америка елінің саяси, экономикалық, мәдени өмірінің жаңалықтарын білуге құштар оқырмандарға арналған Американдық ақпарат орталығы ашылды.

2006 жыл

 

•  Қызылқога ауданы әкімінің 2006 жылғы 10 тамыздағы №168 «Елді мекендердегі клуб, кітапханаларды жабу туралы», қаулысына сай, елді мекендерде орналасқан 14 ауылдық кітапхана мен 12 ауылдық клуб жабылды.

 

•  Исатай ОКЖ-дегі Забурын, Жанбай ауылы кітапханаларына жайлы орын берілді.

           • Ғ.Сланов атындағы ОҒӘК директоры Қ.Қабиева, Облыстық жасөспірімдер кітапханасының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Г.Шайхашева, Облыстық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі З.Рысова, қалалық №1 ОКЖ директоры Г.Қалиева, Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасының директоры А.Жалмұхамбетова, Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Н.Бисенбаева Ақтөбе қаласында өткен «Оқу - Қазақстанның ұлттық басымдығы» атты республикалық конференцияға қатысты.

         •  М.Сисеналиева (Ғ.Сланов атындағы ОҒӘК), Т.Дүсіпова (Махамбет аудандық ОКЖ директоры) Павлодар қаласында өткен «Кітапхана – елдің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық дамуының ресурстық орталығы» атты республикалық семинарға,  кітапхана қызметкері Н.Самалықова Өскемен қаласында өткен «Қазақстандағы бірлескен каталогтар ықпалдастығы» тақырыбындағы семинарға қатысты.

         •  Ғ.Сланов атындағы ОҒӘК Америка ақпарат орталығында Қазақстандағы Америка елшілігінің баспасөз, мәдениет, білім бөлімінің қаржыландыруымен үш күндік тренинг өткізілді. Тренингті Алматы қаласынан арнайы келген журналист, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р.З.Бекбаева жүргізіп, шетел оқу орындарында оқу үшін зерттеу жобаларын жүргізу, түйіндеме, ұсыныс хаттар даярлау тағы басқа мағлұматтар берді.

         • Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 26 маусымдағы №173 қаулысына сәйкес кітапхана «Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы Мемлекеттік мекемесі» болып қайта құрылды.

 

2007 жыл

 

• Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы Интернет қоғамдық пайдалану орталығында «Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың  СПИД-ке қарсы әрекет етуі» тақырыбында он-лайн конференция өтті. Конференцияға Қазақстанның барлық облысынан және Украина, Белоруссия, елдерінен байланысқа шыққан қатысушылар мемлекет тарапынан қатаң шаралар алыну қажеттігі, жалпы қоғам болып күресу керектігі жөнінде пікірлерін білдірді.

         • Мерзімді басылымдар мақалаларынан өлкетану бойынша «Атырау» толық мәтінді деректер базасы жасақтала бастады.

          • Жыл аяғында «Кітапхана. Кітап және оқырман» тақырыбында оқырман бенефисі болып өтті. Оқырман бенефисіне кітапхана қорына өз кітаптарын сыйға тартқан жерлес ақын-жазушылар, облыстағы зиялы қауым өкілдері және кітапхананың тұрақты оқырмандары мен студенттері қатысты. Қадырғали Есенғалиев «Жылдың үздік оқырманы» болып танылды.

          • Кітапхана директоры Қ.К.Кабиева ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 18-19 сәуірде Астана қаласында «Оқитын қоғам – бәсекеге қабілетті елдің негізі» тақырыпта өткен Халықаралық Оқу Конгресіне, 14-16 қарашада Шымкент қаласында өткен «Кітап және Ұлы Жібек жолы» атты Халықаралық конференцияға, ақпарат-библиография бөлімінің меңгерушісі А.Мұқашева, әдіскер З.Жасыбай Маңқыстау ОҒӘК-да өткен «Кітапхана процестерін стандарттау – сапа менеджментін енгізудің негізі» тақырыбындағы аймақтық конференцияға қатысты.

 

2008 жыл

 

         •     Облыс кітапханаларының кітап қорлары  61778 дана жаңа әдебиеттермен толықтырылып, кітап қоры  2 026 813 данаға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда кітап қоры 37 851 данаға өсті.

         •   Құрманғазы ауданы әкімінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 114 қаулысына сәйкес Қызылоба, Жасталап, Д. Нұрпейісова, Лабай, Үштаған, Асан ауылдарындағы кітапханалар ашылды.

         •     Құрманғазы аудандық орталық кітапханаға типтік жобада салынған жаңа мәдениет үйінің ғимаратынан орын берілді.

         •     22 – 23 мамырда Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында Қазақстан жас кітапханашыларының тұңғыш слеті өтті. Атырау облысынан үш жас маман Қ.Бөлегенова (Жылыой ауданы), Г.Ұзақова (Исатай ауданы), Ж.Ұзақбаева (Құрманғазы ауданы) қатысты.

         • Жыл қорытындысы бойынша Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Нәзипа Қожахметқызы Тасмағанбетова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, сондай-ақ Облыстық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі З.Рысова «Кітапхана ісінің үздігі» Құрмет дипломымен марапатталды.

 

2009 жыл

 

•  2009 жылдың шілде айында Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана жаңа типтік жобадағы ғимаратқа көшіріліп, орналасты.

•  Мақат ауданының Қошқар, Комсомол және Бек-бике елді мекендерін тарату туралы Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 14 қазандағы №235 қаулысы және 2009 жылғы 16 қазандағы №267-IV шешіміне орай, осы елді мекендердегі Қошқар, Комсомол ауыл кітапханалары аудан орталығына көшірілді.

          •  Исатай аудандық ОКЖ бойынша бірнеше жылдан бері тұрақты орны болмай келген Тұщықұдық ауылдық кітапханасына Мәдениет үйінен орын берілді.

           •   Құрманғазы ОКЖ - ға қарасты  Морской ауылдық кітапханасын үлгілік кітапхана ретінде жабдықтау мақсатында техникалық  жабдықтар  алынды.

 

2010 жыл

 

• Құрманғазы ауданы әкімінің 2010 жылғы  24 ақпандағы № 71 қаулысымен Азғыр ауылдық округі Қоңыртерек аулынан бір ауылдық, Қызылқоға ауданы әкімінің 2010 жылғы 8 қарашадағы №204 қаулысымен Сағыз ауылдық округіне қарасты Сағыз балалар кітапханасы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Айдын селолық кітапханасы, Мұқыр селолық кітапханасына қарасты Жамансор ауылынан Қайнар ауылдық кітапханасы ашылды.

•  Мақат аудандық орталық кітапханаға типтік жобада салынған жаңа мәдениет үйінің ғимаратынан орын берілді.

•   Жылыой аудандық балалар кітапханасына типтік жобада салынған жаңа мәдениет үйінің ғимаратынан орын берілді.

             •  Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы базасында тұңғыш рет «Кітапхана әлеуметтік серіктестік мәнмәтінінде» атты республикалық конференция өтті. Өз жұмыстарында жетістіктерге жеткен облыстың бір топ кітапханашылары ҚР Академиялық кітапханасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

•   Облыс әкімінің 2010 жылғы 2-желтоқсандағы №6081 ұсынысына сәйкес  IV шақырылған Атырау облыстық мәслихатының №383-IV шешімімен  жазушы Ғ.Слановқа «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

   2011 жыл  

 

•    Облыс әкімі Б.С.Рысқалиевтің 2011 жылғы 25 ақпандағы «Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы № 51 қаулысына орай оған «Облыстық жасөспірімдер кітапханасы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

•  Облыстық Мәдениет басқармасының шешімімен Гүлжанай Хайроллақызы Қалиева Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры қызметіне тағайындалды.

•   Облыстық Мәдениет басқармасы мен Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы аға ұрпақ өкілдерінің ерлік дәстүрлерін дәріптеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту мақсатында қазақтың ұшқыш қызы, жерлесіміз, «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованың ерлік даңқы туралы ең үздік әдеби көркем шығарма сайысы өтті.

•   Қызылқоға ауданы әкімінің 2011 жылғы 24 қаңтардағы №12 қаулысымен Кенбай, Былқылдақты ауылдық кітапханасы,   24 наурыздағы №38 қаулысымен Жамансор ауылдық кітапханасы ашылды.

•    Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы жаңа ғимаратқа көшірілді.

•    ҚРҰАК «ҚазҰЭК – «Қазақстан кітапханасы» Мемлекеттік электронды кітапханалық қорын» құру жобасына орай Ғ.Сланов атындағы ОҒӘК  қорындағы 64 кітаптың сандық көшірмесі жасалды.

•  Ғ.Сланов атындағы ОҒӘК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.С.Даралиева  Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен ЮНЕСКО шеңберінде сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру және түптеу жөніндегі тәжірибелік семинарға қатысты.

            •  Ресей мен Қазақстанның көршілес екі елдің ынтымақтастығын, татулығын, тыныштығын, мәдени – тарихи байланыстар арқылы  ашып көрсететін «Шекарадағы кездесулер» Ресей – Қазақстан мегажобасын жүзеге асыру мақсатында Құрманғазы ОКЖ кітапханашыларының қатысуымен маусым және қазан айларында кәсіби кездесулер өтті Кәсіби кездесулерде алдағы уақыттағы Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығын, татулығын, тыныштығын, мәдени – тарихи байланыстар арқылы  өрбіту төңірегінде әңгіме өрбіді.

           •  Кітапханадағы Америка бұрышының үйлестірушісі А.Бағытжанова 1-3 тамыз аралығында Душанбе қаласында өткен АҚШ-тың Кітапханалық бағдарламалар Мемлекеттік департаментінің аймақтық директоры Вильям Мидльтон, Американдық Бұрыштар бағдарламасының директоры Энн Джонсон, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Пәкстан елдерінің өкілдері қатысқан «Американдық бұрыштар» атты семинарға қатысты.

            • Жылыой ОКЖ-нің директоры К.А.Байниязова «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

•  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 26-27 қазан күндері Қызылорда қаласында «Қазақстан кітапханалары тәуелсіздік жылдарында: жетістіктері мен болашақтағы қызметінің басымдықтары» деген тақырыптағы кітапханалардың еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылы ішіндегі қызметін қорытындылау, кітапхана ісінің алдағы уақытта дамуының өзекті мәселелерін айқындау және талқылау;кітап толықтыру проблемалары бойынша кітапханашылардың, баспагерлердің, кітап таратушылардың пікірлерін тоғыстыра отырып, біріккен шешімнің мүмкін болатын нұсқаларын анықтау мақсатында өткенРеспубликалық конференцияға кітапхана  басшысы Г.Х. Калиева, кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Н.Самаликова  қатысты.

•   Қазақстан  Республикасы Ұлттық кітапханасында 15-17 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 80 жылдық және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 20 жылдық мерекесіне орай «Еуразия кітапханаларының жаңа форматы. Ақпараттық жүйелер және технологиялар» атты Халықаралық  конференция болып өтті. Конференцияға Қазақстан және ТМД  мемлекеттері Мәдениет Министрлігінің өкілдері және ТМД Ұлттық кітапханаларының Бас директорлары, ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының (ГЫМҚ) ресми өкілдері, Қазақстандағы республикалық және облыстық ғылыми әмбебап кітапханаларының директорлары шақырылды. Конференцияға кітапхананың директоры Г.Х. Калиева қатысты.

                                 

2012 жыл

 

            *          Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ауласында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық  саясат жөніндегі комиссия мен «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы» облыстық  филиалының ұйымдастыруымен «Аналар шуағы» атты тал-терек отырғызу акциясы өтті. Кітапхана айналасын көгалдандыру жұмысына Бизнес және құқық колледжі студенттері, мәдениет саласы қызметкерлері мен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері – барлығы 200-ге тарта адам қатысып 120  түп ағаш көшеттерін отырғызды.

 

*       Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана директоры Г.Х.Қалиева 7маусым  2 шілде аралығында  «Америка кітапханалары» бағдарламасы бойынша  АҚШ – елінде  Вашингтон (Колумбия округы 11-14 маусым), Мемфис (Теннеси штаты 14-17 маусым), Лига – РОК (штат Аркамдас 17-20 маусым), Лос-Анджелес (Калифорния штаты 20-27 маусым), Нью-Иорк 27-30 маусым аралығында   болып  кітапхана  іс – тәжі  рибелерімен танысып қайтты.      

 

  • Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана директоры Г.Х.Қалиева, кітапхана үдерістерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Н.Самаликова, ақпарат-библиографиялық бөлімнің деректер базасының бас әкімшісі А.Масаева, облыстық балалар кітапханасының әдіскері С.Ізмұхамбетова 25-28 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен «Достық кітапханалары: интеграция және жалпыға ортақ қолжетімділік» атты Кітапханашылар форумына қатысты.

 

  • Кітапханадағы Америка бұрышының үйлестірушісі А.Серікбаева 1-5 қазан  аралығында Бішкек  қаласында өткен АҚШ-тың Кітапханалық бағдарламалар Мемлекеттік департаментінің аймақтық директоры Вильям Мидльтон, Американдық Бұрыштар бағдарламасының үйлестірушісі Caryn Anderson және Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан елдерінің өкілдерімен бірге    «Американдық бұрыштар» атты семинарға қатысты.

 

  • Көрмелік-бұқаралық және жасөспірімдермен жұмыс секторының меңгерушісі А.Елеусинова 26 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен Қазақстан Рухани Даму қоры ұйымдастырған «Астана: Елорда күнін мерекелеу тәжірибесі» тақырыбында өткен тәжірибелік семинарға қатысты.

 

  •  Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана директоры Г.Х.Қалиева, Құрманғазы ОКЖ директоры Б.Габдулова 4-5 желтоқсан аралығында Орал қаласында өткен «Шекаралық аймақтағы - кітапханалық кеңістікті қалыптастыру» атты халықаралық конференцияға қатысты. 

 

  • «Атырау кітапханалары» кітабы жарыққа шықты. Кітапқа  Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының және өңірдегі қалалық, аудандық, ауылдық кітапханалардың қысқаша тарихы және жұмыстары туралы ақпараттар енгізілген.

 

2013 жыл

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен  Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағын насихаттау мақсатында «Мен – ақынмын, әйелмін әлемді ойлар» деген тақырыпта республикалық конференция өтті.

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы  Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша кітапханалық блогтардың Халықаралық байқауын жариялап, Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана осы байқаудың «Үздік тақырыптық блог» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, жүлделі бірінші орынды иеленді.

 «Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар» атты республикалық конференцияға кітапхана директорының орынбасары М.Дәулетқалиева, кітапханашы С.Байзақова, Облыстық көзі көрмейтін және  нашар көретінг азаматтарға арналған кітапхана директоры Б.Қаражанова, кітапханашы А.Джалмуханбетова, Құрманғазы аудандық ОКЖ директоры Б.Габдулова қатысты.  (Тараз қ., 18-19 қыркүйек)

Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мемлекеттік электрондық кітапханалық қор құру-Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана» жобасына алғашқы қатысушы кітапханалардың бірі. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында кітапханаға кітаптарды сандық форматқа  көшіруге арналған «ЭЛАР-Скан»  кәсіби сканері сатып алынды.

Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханаға НИВА «ВАЗ-21310» автокөлігі берілді.

 

2014 жыл

 «Кітапхана қоры: мәселелер мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға  Кітап қорын толықтыру және өңдеу, каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің кітапханашысы Айғаным Нығметқызы Жұбанова қатысты.

(Қызылорда қ., 17-18 қыркүйек)

Қарағанды облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының   80 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи кітапхана: даму векторы» атты республикалық конференцияға кітапхана директоры Г.Қалиева, Жылой аудандық ОКЖ директоры К.Байниязова қатысты.

(Қарағанды қ., 5-6 қараша)

 

2015 жыл

 «Оқырман қауым – ұлы дала елінің болашағы» халықаралық оқу конгресіне кітапхана қызметкері, ақын, «Фариза жұлдыздары» жас ақындар клубының жетекшісі Ә.Дәулетбаева қатысты. (Астана қ., 27 қараша)

Оңтүстік Қазақстан облысында Атырау облысының мәдениет күндері өтті. Мәдениет күндеріне қатысқан делегация құрамында кітапхана директоры Г.Қалиева, Облыстық балалар кітапханасының директоры С. Измұханбетова болды.

2016 жыл

Астана қаласында өткен Халықаралық кітапханашылар конгресіне кітапхана директоры  Г.Қалиева, Облыстық балалар кітапханасының директоры С. Измұханбетова, Құрманғазы аудандық ОКЖ директоры Б.Габдулова қатысты. (Астана қ., желтоқсан)

2017 жыл

 Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына кітапхананың Өлкетану әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі София Рамазанқызы Мусағалиева қатысып «Великий Щелковый путь: история и современность» тақырыбында орыс тілінде баяндама жасады (Атырау қ.,7 қараша)

2018 жыл

Атырау облысы Әкімдігінің, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Кітапханадан ағарту орталықтарына: Жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты республикалық форум өтті. (Атырау қ.,18-19 сәуір)

Жылыой ОКЖ қарасты Ақкиізтоғай ауылдық кітапханасынан коворкинг  орталығы ашылып, материалдық-техникалық базасы толықтай жаңартылды.

 Осы жылы өткен «Кітапхана – қоғамның копфункционалды көп деңгейлі әлеуметтік институты» атты бүкілқазақстандық кітапханашылар сьезі  жұмысына облыстық, қалалық, аудандық, ауыл кітапханаларынан бір топ делегаттар қатысты. (Алматы қ., 13-14 қыркүйек)

 

2019 жыл

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылми әмбебап кітапхана қорына  құны 4 693 171,00 тг. жаңа әдебиеттер алынды.

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2019» фестиваліне Сара Измұханбетова, Гүлжан Ескендір (Ғ.Сланов ат. ОҒӘК), Жеміс Жанглышева (қалалық орталық кітапхана), Сандуғаш Қалиева (Ақкиізтоғай а/к) қатысты.

(Астана қ., 19-22 мамыр)

 

2020 жыл

ҚР 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 45,46 - баптарына және ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 27-бабына сәйкес «Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы облыс әкімдігінің қаулысына орай Атырау облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана «Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ғабдол Сланов атындағы ғылыми әмбебап кітапхана» КММ-не Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлім ретінде қосылды.

Осы жылы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлім қорына 4 779,187 теңгеге кітаптар алынды.

Жылыой аудандық орталық кітапханасына 2 қабатты  арнайы типтік жобадағы жаңа ғимарат тапсырылып, көшірілді.

2021 жыл

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлім қорына 995,0  теңгеге қосымша әдебиеттер сатып алынды.

 

2022 жыл

Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың Ұлы Ұстазы» атты кітапханашылардың аймақтық шығармашылық байқауы өтті. (Атырау қ., 19 қазан)

Аймақтық шығармашылық байқауға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының кітапханашылары қатысты.

Жергілікті бюджеттен 20 млн. қаржы бөлініп, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қорына  18 322 217,53 теңгеге оқырман сұранысына орай жаңа әдебиеттер сатып алынды.

Қызылқоға ОКЖ Тасшағыл  ауылдық округіне қарасты Қоғам ауылдық кітапханасы аудан әкімінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №66-өкіміне сәйкес жабылды.

Индер аудандық орталық кітапханасына  ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес «Argentum.kz» ЖШС - мен жасалған өзара келісім шарт негізінде германиялық Mikrobok book2net Kiosk A3 планетарлық кітап сканері алынды.

Аймақтық шығармашылық байқау әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты аймақтық шығармашылық байқау өтті. (Атырау қ.,19 қазан)

Аймақтық шығармашылық байқауға Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау кітапханаларының кітапханашы мамандары қатысты.

ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық  кітапханасының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Жас кітапханашы-2022: жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты жас кітапханашылардың іскерлік кездесуіне Облыстық кітапхана директоры С.Измұханбетова, әдіскер М.Серікқалиева қатысты. (Астана қ., 1-2 желтоқсан)

 

2023 жыл

Атырау облысына РФ Астрахань облысының губернаторы И.Ю.Бабушкин бастаған ресми делегация келді. Мәдениет саласына байланысты делегация мүшелері Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында болып, кітапхана жұмысымен танысып, өзара тәжірибе алмасты. (30 наурыз - 2 сәуір  2023 жыл)

Атырау Мұнай және газ университеті жанындағы Н.Балғымбаев орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың мәдениет, спорт ардагерлері және қызметкерлерімен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен есеп беру кездесуі өтті.   (Атырау қ., 5 мамыр 2023 жыл)

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер