КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

          Биыл қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл. Осыған орай «Екі жақты, бір тілді, сөйлейтін сөзге шешенмін...» атты кітап көрмесі мен жыр шеру өтті.

          Мұрат Мөңкеұлы – жезтаңдай шешен-жырау, төгілген ақпа ақын. Мұсылманша сауатты, дәуірінің алдыңғы қатарлы азаматы. Кең тынысты керемет шабыттың иесі. Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі, елі, жері, халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер.

          Шарада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, көрме таныстырылды. Өз заманында келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей жыраудың толғаулары мен жырлары  шырқалып, шешендік сөздері оқылды.

          Шараның мақсаты Атыраудың ғана емес, алты алаштың ардағына айналған Мұрат ақынның сарқылмайтын рухани мұрасын оқырман қауымға насихаттау. 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=637203881878564&id=100067668725855&eav=AfZIo_WRXXjeWQurnjIzCnUXC7D4L4f_AETqVP7CBJlBb-oRLUwcFT-APHviKnQ8E5U&m_entstream_source=timeline&paipv=0

 

          В этом году исполняется 180 лет со дня рождения пламенного оратора казахской истории, акына, жырау Мурата Монкеулы. В связи с этим прошла книжная выставка и поэтический парад «Екі жақты, бір тілді, сөйлейтін сөзге шешенмін...»

          Мурат Монкеулы – знаменитый казахский акын, жырау. Первоначальное образование получил у аульного муллы, который обучил Мурата арабской грамоте. С раннего детства Монкеулы начал сочинять стихи. Он создал множество песен, толгау и посвящений, в которых обращался к истории, воспевал любовь к родной земле. Мурат Монкеулы внес немалый вклад в развитие казахского литературного языка. В произведениях Монкеулы ярко отражен протест бедного люда против угнетателей, в частности, против царских властей.   

          На мероприятии был показан видеоролик, посвященный жизни и творчеству поэта, презентована выставка. Прозвучали стихи жырау, предсказавшие предстоящий день.

          Цель мероприятия – популяризация неиссякаемого духовного наследия поэта Мурата, ставшего достоянием не только Атырау, но и всего народа.

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер