КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

24.08.23

«Конституция – тәуелсіз ел тұғыры» дөңгелек үстел

Бүгін Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 30 тамыз – Конституция күніне орай «Конституция – тәуелсіз ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Қыстаубаева Әсия Баянқызы шараны ашып, мерекелік күннің маңызына тоқталды. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлы арнайы қатысып, Ата заң туралы жан-жақты мағлұмат беріп, оқырман сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстелді жүргізуші Сатыбалдин Манарбек Конституция тарихына тоқталып, оқырмандармен сұрақ-жауап алмасты. Сонымен қатар Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық оркестрінің әншілері Жанар Қорған мен Аружан Ерімова әуелете ән шырқап шараның көркін кіргізді. Шара қонақтарына Мөлдір Нұрбекқызы «Конституция – тәуелсіз ел тұғыры» атты кітап көрмесін таныстырды, Құралай Шапағатқызы Айбатыр Сейтақ ақынның «Азат елдің ар-намысы - Ата Заң» атты өлеңін оқыса, Манарбек Сатыбалдин арнау өлеңін арнады.

Шара соңында Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана басшысы Измұханбетова Сара Салахединқызы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті ұжымына алғыс хат табыстады.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=630693962529556&id=100067668725855&eav=AfainqnU6PpRhMuHhm39yAQIc2z_fGfSD_Fm1CrOTLcHV2JDqg12jhUaA_aW_d7BWUI&m_entstream_source=timeline&paipv=0

 

Сегодня в областной универсальной научной библиотеке им. Г. Сланова был организован круглый стол «Конституция – Тәуелсіздік ел тұғыры», посвященный 30 августа – Дню Конституции.

Заместитель руководителя управления культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области Кыстаубаева Асия Баянкызы открыла мероприятие и отметила значение праздничного дня.

В мероприятии принял участие заместитель руководителя Департамента Агентства РК по противодействию коррупции (антикоррупционной службы) по Атырауской области Каражанов Жанибек Жумабайулы, который подробно рассказал о Конституции и ответил на вопросы читателей.

Ведущий круглого стола Сатыбалдин Манарбек рассказал историю Конституции и обменялся вопросами и ответами с читателями. Кроме того, певцы академического оркестра имени Дины Нурпеисовой Жанар Корган и Аружан Еримова исполнили песню.

Гостям мероприятия Молдир Нурбеккызы представила книжную выставку «Конституция – тәуелсіз ел тұғыры», Куралай Шапагаткызы и  Айбатыр Сейтак прочитала стихотворение поэта «Азат елдің ар-намысы - Ата Заң», а Манарбек Сатыбалдин посвятил  стихотворение арнау. В завершение мероприятия директор областной научной универсальной библиотекой имени Г.Сланова Измуханбетова Сара Салахединкыны вручила благодарственное письмо заместительям руководителя Департамента Агентства РК по противодействию коррупции (антикоррупционной службы) по Атырауской области Каражанов Жанибек Жумабайулы.

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер