КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Әлем таныған Республикам менің

          Бүгін Республика мерекесі қарсаңында ӨС және АҚЖҚ ММ №13 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің қатысуымен тарихи-танымдық сағат өтті.

          Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін мерекенің тарихы туралы бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап сайысы өткізілді.

          Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап  кітапхананың ұйымдастыруымен Республика мерекесіне орай «Әлем таныған Республикам менің» атты әдеби сазды  кеш өтті.

          Республика күні - тарихи маңызы зор ерекше күн. Қазақ елінің біртұтастығын сақтауға, ынтымағы мен бірлігін арттыру еліміздегі әрбір ұлттың міндеті. Әдеби-сазды кеште BINOM SCHOOL мектеп-лицейі оқушылары М.Мақатаев «Отан туралы», Ж.Нәжімеденов «Менің елім», Қ.Аманжолов «Туған жер», С.Мәуленов «Менің Республикам» атты өлеңдер оқыды. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы мектеп кинозалында «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты бейнебаян оқушыларға   көрсетілді. Шара барысында кітапханашы Мұханова Айман викториналық ойындар ұйымдастырып, шараға белсенділік танытқан оқушыларға кітапхана атынан естелік сыйлықтар табыстады.

https://m.facebook.com/story.phpstory_fbid=662926502639635&id=100067668725855&eav=AfZIOIlOefSLKqQbg7Tz55qfLX3sirpdFm1R7_PmpHfWp2tQXGHftZjV_n4MIYFOyyA&m_entstream_source=timeline&paipv=0

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер