КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Ұлы даланың ұлы ойшылы

 

          «Ұлы даланың ұлы ойшылы» тақырыбымен этнограф, тарихшы, ақын Көпейұлы Мәшһүр Жүсіптің туғанына 165 жыл толуына орай кітапханада тақырыптық сөре ұйымдастырылды.

          ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген шығармашылығы ешкімге ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар қазақ ақындарының бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.

          Ауыз әдебиетінің небір асыл үлгілерін меруерттей тізіп, жинаумен де халыққа кеңінен танылды. Ол адалдық, адамдық жайындағы толғамды ойларын өлең, мақала, аңыздың айналасында ғана айтпай, көптеген дастандар да жазған.  Соның ішіндегі көлемдісі  «Гүлшат пен Шеризат» поэмасы. 1907 жылы Қазан қаласынан «Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты үш кітабы жарық көрген. Тақырыптық сөреге қойылған ақын еңбектерімен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері: Асан Нұрсұлтан, Ардақ Аида, Төлемісов Саят, Ұлттық гимназия оқушылары Серікбай Нұрлы, Ахатова Айсана және т.б.  оқырмандар жақын танысып, пікір алмасты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=670345941897691&id=100067668725855&eav=AfbUrTaaQgkuFZluEzbWU7vompkORQzJVsQ6EaV143K6kJgn7LPds9Ef2w-5Hq0G-Eo&m_entstream_source=timeline&paipv=0

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер