КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

25.08.23

«Сын сардары – Зейнолла» еске алу кеші.

«Өнер адамы көзі тірісінде өзінің  парасат зердесі мен ар-ожданын пір тұтып, артында қалдырар жазбаларымен келешек ұрпақ алдында да жауапты екенін ешқашан естен шығармауы тиіс», - деп бүкіл ғұмырын  туған әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуі жолындағы еңбек – әдеби сынға қалтқысыз арнаған Зейнолла Серікқалиұлының туғанына биыл 85 жыл.

 Осыған орай бүгін Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалы мен Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреты, Халықаралық «Алаш» әдебиеті сыйлығының лауреаты, Атыраудың ардақты перзенті Зейнолла Серікқалиұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Сын сардары – Зейнолла» атты еске алу кеші өтті.

Шарада өлкеміздің ақын-жазушылары көрнекті сыншы жайында естеліктер айтып, ой бөлісті.

Сонымен қатар Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрының жас әртістері «Зейнолла мен Жұмекен» монологын оқыса, Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония әншісі Ізниев Азамат «Ата қоныс» әнімен және Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы Жәнібек Жәмиев күмбірлеген күйімен шара көркін кіргізді.

Шара қонақтарына «Сын сардары – Зейнолла» атты кітап көрмесі таныстырылып, арнайы видео көрсетілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=631285375803748&id=100067668725855&eav=Afbevd_zZyGd3Ff6nGwN1RDf5v5DTYW3Tg14HItWygRyMunul6P7BAHeX6EIhHwk0IQ&m_entstream_source=timeline&paipv=0

 

Как яркий представитель литературной критической мысли второй половины ХХ столетия Зейнолла Сериккалиев внес огромный вклад в развитие профессиональной критики в Казахстане, оставил бесценное духовное и интеллектуальное наследие.

Известному писателю, переводчику, литературному критику Зейнолле Сериккалиеву в этом году исполняется 85 лет.

В честь этой знаменательной даты сегодня Атырауским областным филиалом Союза писателей Казахстана и областной универсальной научной библиотекой им. Г. Сланова проведен вечер памяти «Сын сардары – Зейнолла», посвященный 85-летию со дня рождения выдающегося критика, заслуженного деятеля Казахстана, лауреата Государственной премии, лауреата Международной литературной премии «Алаш», ветерана Атырауской литературы Зейноллы Сериккалиева.

На мероприятии поэты и писатели нашего края поделились воспоминаниями о выдающемся критике.

Кроме того, юные артисты Атырауского областного академического театра драмы им.Махамбета Утемисова прочитали монолог «Зейнолла и Жумекен», певец Атырауской областной филармонии им. Н.Жантурина Изниев Азамат с песней «Ата қоныс» и домбрист академического оркестра казахских народных инструментов им. Дины Нурпеисовой Жанибек Жамиев с кюем украсили мероприятие.

Гостям мероприятия была презентована книжная выставка «Сын сардары – Зейнолла».

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер