КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

          Биыл қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың 90 жасқа толған мерейтойы. Осыған орай көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлімде «Тарази тағылымы» атты ақпараттық сағат өтті.

          Әкім Тарази – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер, терең ойдың адамы, философ жазушы, кәнігі зерттеуші, тағылымды тарихшы. Жазушының кітаптарымен қатар драматургиялық шығармалары қазақ театр сахнасы мен  қазақ киносының алтын қорына өз үлесін қосқан.

          Қазақтың көрнекті жазушысы Әкім Таразидың өмірбаяны зағип оқырмандарға дауысталып оқылды. Сонымен қатар зағип оқырмандар өздері көрген кинолары мен оқыған шығармаларының қысқаша мазмұнын еске түсіріп, ой бөлісті.

          Шара соңында жазушы Әкім Тарази мен Роза Мұқанованың сұхбаты бейнебаян арқылы көпшілік тыңдауға қойылды. Арнаулы бөлім қорындағы жазушының жайпақ баспадағы кітаптары мен  зағип оқырмандарға «Жаңбырлы түндер», «Жаза» атты романдары мен әңгімелер жинағының дыбыстандырылған кітаптары көрмеден орын алып, насихатталды.

https://www.facebook.com/spec.bibl.atyrau/posts/1079274460151916?__cft__[0]=AZXE-3tiyladG7f8sfL4s4WVhICyw-VNaviYmCDIm51Uu5wHW845eNMNckmDoDA1z6YO31rcTVDALYirNXGIAYw0fv4pC0exii2vx3o6eiZmrOp-5eqy3ealr18hT_NEb0U&__tn__=%2CO%2CP-R

          В этом году известному казахстанскому писателю, драматургу Акиму Тарази исполнилось 90 лет. В честь знаковой даты в специальном отделе для незрячих и слабовидящих граждан прошел информационный час «Тарази тағылымы».

          Аким Тарази – известный казахстанский писатель, драматург, философ, ученый-историк, лауреат Государственной премии РК, заслуженный деятель Казахстана.

          Наряду с книгами писателя драматургические произведения вошли в золотой фонд казахской театральной сцены и казахского кино.

          Биография выдающегося казахского писателя Акима Тарази была зачитана незрячим читателям. Незрячие читатели поделились мыслями, вспомнив краткое содержание фильмов, которые они смотрели, и прочитанных произведений.

          В завершение мероприятия интервью писателя Акима Тарази и Розы Мукановой были поставлены на публичное прослушивание посредством видео. На выставке были представлены книги писателя  находящиеся в фонде специального отдела, а также звучащие книги незрячих читателей «Жаңбырлы түндер» и сборники рассказов «Жаза».

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер