КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында еңбек қайраткерлеріне айналған өңірімізге белгілі нәзік жандылармен жас жеткіншектердің мамандық таңдауда кәсіби бағдарына ықпал ету мақсатында «Арулар – асыл жандар» атты кездесу кеші өтті.

Кеш қонақтары «Сарайшық» әдеби-мәдени, тарихи-танымдық журналының бас редакторы, Қазақстан жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Лондондағы Еуразия «Eurasian creative gild» шығармашылық гильдиясының мүшесі, Махамбет сыйлығының иегері  Ниетқалиева Гүлзада Рахметқызы және Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың лауреаты, 2017 жылы ең үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама номинациясы бойынша «Адасқандар» хабары арқылы Ұлттық телевизиялық Тұмар байқауының жеңімпазы атанған, Caspian news телеарнасың бас режиссері  Қарабалаева Ботагөз Есенбекқызы.

Кеш қонақтарына қоғамға осы кәсіптің маманы ретінде қызмет етуге не түрткі болды, отбасы мен қызметті қатар алып жүруде қандай қиындықтарға кезіктіңіздер, еңбекте рухани қажымаудың алғышарттары не деп білесіздер, жеткіншек жастарға мамандық таңдауда қандай ақыл-кеңес берер едіңіздер деген сауалдар қойылып, сұхбат өрбіді.

Кеш соңында арнайы шақырылған қонақтарға кітапхана ұжымы атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1827763207662401/

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер