КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

 

Белгілі жазушы Берқайыр Аманшиннің туғанына биыл 100 жыл.

          Осыған орай кітапханада «Талғампаз таным иесі» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.

          ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік мол үлесін қосқан қаламгердің бірі – Берқайыр Аманшин. Ол Шернияз Жарылғасұлы, Ығылман Шөреков шығармашылығын танып-білуге, Махамбет Өтемісұлы поэзиясын зерттеуге, жалпы махамбеттануға ерен еңбек сіңірді. Ол өзі жақсы білетін Батыс Қазақстан, Атырау аймағының әдебиет тұлғаларын зерттеуге, олардың әдебиет тарихына енуіне ерекше еңбек етті.

                    Шараға филология ғылымдарының кандидаты, доцент «Берқайыр Аманшиннің әдеби мұрасы» кітабының авторы Ермекова Айгүл Әміржанқызы, Атырау облысы Білім беру басқармасының ұстаздары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері мен №33 Қасым Қайсенов атындағы орта мектеп ұстазы Косчугулова Қазима Қадировна оқушыларымен және кітапхана оқырмандары қатынасты.

Шара барысында Айгүл Әміржанқызы Берқайыр Аманшинның өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректермен бөлісіп, оқырмандардың сұрағына жауап берді.

Кітапхананың тұрақты оқырманы Төлеуғалиев Бектас Б.Аманшиннің «Жар мұңы» повесін әңгімелеп берсе, жалпы білім беретін №43 мектептің оқушысы Бақытжан Дамир ақынның «Ақ Жайық», №33-ші Қ.Қайсенов атындағы орта мектептің 5-ші сынып оқушысы Сәрсенғали Сыпайы «Қалам, сия, қол» мысал өлеңін және кітапхана қызметкерлері Құралай Шапағатқызы мен Манарбек Болатбекұлы ақынның «Студент халқы», «Досыма хат» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Сонымен қатар шарада арнайы кітап көрмесі таныстырылып, бейнематериал да көрсетілді.

Кеш соңында арнайы шақырылған қонақтарға кітапхана ұжымы атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1560941008060299/

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер