КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Театр сахнасында 150-ден астам күрделі кейіпкерлердің бейнесін шынайы шеберлікпен сомдап, көптеген көркем фильмдерде басты рөлдерді орындаған Қазақстанның халық әртісі, актриса Әмина Өмірзақованың туғанына 105 жыл толуына орай «Ұлылық рухына тағзым» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапханашы кітап көрмесін таныстыру барысында өнерде, руханият әлемінде өшпес із қалдырған туабітті дарынымен өнер шыңына шыққан, халқының сүйіктісіне айналған актриса Әмина Өмірзақованың шығармашылық жолы туралы мағлұмат берді.

Даңқты актрисаның  кино әлеміндегі сан қырлы шығармашылық жолы 1938 жылы экранға шыққан «Амангелді» фильміндегі эпизодтық рөлінен бастау алып, бүгінгі күнге дейін өз көрерменін әлі де жоғалтпаған «Абай әндері», «Ана туралы аңыз», «Тақиялы періште» сияқты кинотуындыларда сәтті жалғасын тапты. 

Өзі айтқандай нәзіктік пен батылдықтан тұратын ана образының қыр-сырын жарқырата ашқан Ә.Өмірзақова «Ана туралы аңыз» фильміндегі рөлімен-ақ мәңгіге қазақ киносының тарихында қалды.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/posts/pfbid08n8xvepwCWLsktTg4vLGNjDg9vKFoXXWhixGoipESTVo1AAKx8DtTNYBeZKusjwKl

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер