КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

                                                                                                                               

  Автордың шығармашылық өмірбаяны

 

Дәулетқалиева Мейрамгүл Лесқызы 1971 жылы туылған. Білімі-жоғары. Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Мәдениет институтының «Кітапханатану және библиография» факультетін үздік дипломмен бітірген. Мамандығы - кітапханашы-библиограф.

Әр жылдары кәсіби және көркем әдеби мақалалары республикалық және жергілікті мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген. Атап айтқанда, «``Мәдени мұра`` бағдарламасы және кітапхана» /«Кітапхана» журналы, №2, 2006 ж./, «Кітапханашы беделі неге төмен?»  /  «Егемен Қазақстан» мамыр, 2008 жыл/,  «Кітапхана және Қадиша: атыраулықтар үшін бұлар егіз ұғымға айналған» - мерейтойлық мақала / «Атырау» газеті, 13 қараша, 2008 жыл/, «Мұнайлы өлкенің білім бұлағы»/ «Ұлттық кітапхана», №2(4) 2010 жыл/,

           «Өмірдің өзінен алынған жайлар қос кітапқа арқау болды» / «Атырау» газеті, 18 қыркүйек, 2010 жыл / және «Құралай-ғұмыр» - әңгіме / «Ақ босаға» газеті, 2003 жыл/, «Әжеге деген сағыныш немесе мөлдір мұң» - эссе / «АқЖайық» газетінің «Жайық самалы» қосымшасы, 2010 жыл/, «Атыңнан айналайын, Ақжайығым!»/ «Атырау» газеті, 2 қазан, 2018 жыл/, «Мұнайлы өлкенің рухани ордасы: Карантин жағдайындағы кітапхана қызметі»/ «Кітап және кітапхана»,2020 жыл,№3/

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай «Ынтымақ түбі игілік» атты республикалық шығармалар байқауында «Имандылық белгісі» атты әңгімесі үшін жүлделі үшінші орынға ие болды.

            Қазіргі уақытта Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада басшының орынбасары қызметін атқарады. Кітапханада өтетін облыстық деңгейдегі көпшілік шаралардың сценарийлерін құрастырушы.

           

Шығармалары:

 

  1. Дәулетқалиева М.Л.Құралай - ғұмыр: Әңгіме//Ақ босаға газеті.- 2002 ж.
  2. Дәулетқалиева М.Л.“Мәдени мұра” бағдарламасы және кітапхана//Кітапхана журналы.-№2.- 2006 ж.
  3. Дәулетқалиева М.Л. Кітапхана және Қадиша атыраулықтар үшін бұлар егіз ұғымға айналған//Атырау газеті.- 2008 ж.-13 қараша
  4. Дәулетқалиева М.Л. Кітапханашы беделі неге төмен?//Егемен Қазақстан.- 2008 ж. -21 мамыр
  5. Дәулетқалиева М.Л. Әжеге деген сағыныш (Мөлдір мұң)// Жайық самалы.- 2010.- 25 наурыз.
  6. Дәулетқалиева М.Л. Мұнайлы өлкенің білім бұлағы//Ұлттық кітапхана.- №2 (4).-2010 ж.
  7. Дәулетқалиева М.Л. Өмірдің өзінен алынған жайлар қос кітапқа арқау болды// Атырау.- №106.- 2010 ж.- 18 қыркүйек
  8. Дәулетқалиева М.Л.Атыңнан айналайын, Ақжайығым!//Атырау.-№79.-2018.-2 қараша
  9. Дәулетқалиева М.Л. Мұнайлы өлкенің рухани ордасы: Карантин жағдайындағы кітапхана қызметі//Кітап және кітапхана.- №3.-2020 ж.

 

 

 

 

 

 

 

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер