Асанов Болат. Әжемнің әңгімелері
| Санат | әңгіме |
| Жыл | 2025 |
Асанов Болат. Әжемнің әңгімелері: орта және жоғары сынып оқушыларына арналған. — Алматы: Тарпанбаева А.Ш., 2025. — 160 бет.
ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық С.А. Шолохов, Халықаралық «Абай» төсбелгілерінің иегері, ақын Болат Асановтың есімі жыр сүйер қауымға жақсы таныс.
Ол ересектермен қатар балаларға да арналған өлеңдерімен ерекшеленеді.
«Ең әдемі құс қайсы» атты жеткіншектерге арналған жыр жинағы баспасөз беттерінде, әдеби жыл қорытындысында арнайы аталып, жыр сүйер қауымның ықыласына ие болған.
Ақынның «Әжемнің әңгімелері» атты бұл кітабында мектеп оқушылары ұғымына сай тәлім-тәрбиелік, нанымды да танымдық, идеяға бай, әртүрлі тақырыптардағы туындылары топтастырылған. Тілі көркем, жатық та жеңіл. Ойлы да ойнақы жырлары оқырманның рухани серігі.