Виртуалды библиографиялық анықтама

«Виртуалды библиографиялық анықтама» – Ғ.Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы пайдаланушыларға онлайн режимінде сұраныс түсіріп, жауап алуға мүмкіндік береді. Бұл қызмет кітапхананың веб-сайты арқылы жүзеге асырылады.
Сұраныстарға жауап жұмыс күндері сағат 10.00-17.00 дейін қазақ, орыс тілдерінде қабылданып,  2-3 тәулік аралығында күрделілігіне қарай орындалады. Бір пайдаланушыдан бір күнде 1 сұраныс қана қабылданады. Сіздің барлық тапсырысыңызға библиограф-маман жауап береді.

Орындалатын сұраныстардың түрлері:

  • орындалуы күрделі библиографиялық іздеуге әкеп соқпайтын және кітапханадағы бар дәстүрлі анықтамалық-іздеу аппараты, электронды каталог, библиографиялық ресурстар, сондай-ақ интернет желісінің ресурстары негізінде орындалуы мүмкін тақырыптық сұраныстар;
  • кітапхананың қорында нақты басылымдардың болуы туралы тапсырыстар;
  • нақты басылымдардың библиографиялық деректерін нақтылау бойынша сұраныстар (кітап тақырыптары, автор, басылым жылы туралы мәліметтер және т.б.);
  • фактографиялық сұраныстар (нақты объектілер, ұғымдар, фактілер, тұлғалар және т.б. туралы анықтамалық ақпарат);
  • тапсырыстарға библиографиялық тізім ұсынылады.

«Виртуалды библиографиялық анықтама» қызметі келесі сұрақтарды қарастырмайды:

  • әдепсіз қойылған;
  • дайын реферат, курстық, дипломдық және жазба жұмысының өзге түрлерін жөнелтуге байланысты;
  • математикалық, физикалық, химиялық т.б. есептерді шешуге байланысты;
  • көңіл көтеру сипатындағы (кроссворд шешу, интеллектуалды ойындар, викторина, сайыстарға қатысу т.б.)
  • сканерленген құжаттардың мәтіндері  жіберілмейді (толық мәтінді  «Құжаттарды электронды жеткізу» қызметі арқылы тапсырыс бере аласыз).

Біздің адресіміз: ibo_SIanov@mail.kz

Сұраныс жіберу
Scroll to Top