Кітапханаларды дамыту бөлімі
Бөлім облыстағы мемлекеттік жүйеге қарасты 139 кітапхананың жұмысын үйлестіруші әдістемелік орталық.
Бөлімнің басым бағыттары:
— облыс кітапхана жүйесінің дамуын болжау;
— аудандық ОКЖ-лерінің қызметінің мониторингі;
— ғылыми-зерттеу және баспалық қызметі;
— озық тәжірибені айқындау, зерделеу және қорыту, инновациялар мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу;
— облыс кітапханаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету және т.б
Бөлім облыстағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыс кітапханаларына іссапарлар ұйымдастырады, кітапхананың сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.
Бөлім меңгерушісі: Юсупова Шолпан Амангельдиевна
Тел.: 8/7122/ 20-92-96
e-mail: atyraulib@mail.kz
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
Бөлімде оқырмандарға ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетіледі. Ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына орай библиографиялық көрсеткіштер, жыл сайын «Қазақстанда, облысымызда аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі» кітапхана қызметкерлеріне арналған көмекші құрал, ақпараттық парақшалар, дайджестер, жаднамалар құрастырылады. Ай сайын
«Жаңа кітаптар», «Электронды басылымдар» бюллетені әзірленеді.
Бөлім екі тілдегі мақалалардың жүйелі картотекасын, өлкетану картотекасын (электронды түрде), интернет қорларын пайдалана отырып, әртүрлі библиографиялық анықтамалар орындайды. Облыс кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік көмек көрсетеді.
Қызмет түрлері:
— «Параграф» құқықтық анықтамалық жүйе;
— «Атырау» — толық мәтіндік дерекқоры;
— оқырмандардың сұраныстары бойынша тақырыптық тізімдер құрастыру;
— «Авторефераттар» қоры (электронды каталог);
— өлкетану саласы бойынша ақпараттық-библиографиялық қызмет;
— жаңа түскен әдебиеттердің ашық қарауын ұйымдастыру;
— нақты тақырып бойынша мамандарды библиографиялық ақпараттандыру;
Бөлім меңгерушісі: Турганова Бакытгуль Есенбаевна
Тел.: 8/7122/ 20-93-12
e-mail: Ibo_slanov@mail.kz
Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі
Бөлім кітапхана қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу, кітапхананың web-ресурстарын, электронды өнімдер каталогын, тақырыптық электронды базасын құру, толықтыру, қолданыстағы ақпараттық жүйені, бағдарламалық кешенді жаңарту, оны қолдау жұмысымен айналысады. интернет орталығы-тұтынушыларға Интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сандық форматқа көшіру арқылы кітапхананың электрондық құжаттар қорын қалыптастырады. Баспа басылымдарының электрондық нұсқаларын пайдалану құқықтарын алу жөнінде авторлармен келісім-шарт жасайды.
Бөлімде өлкетану бағытындағы құжаттар және сирек басылымдар сандық форматқа көшіріледі және Қазақстандық ұлттық электрондық кітапханаға (КазНЭБ) жолданады.
Аудан кітапханашыларына құжаттарды сандық форматқа өткізу және өңдеу бойынша жеке кеңестер мен шеберлік сыныптары өткізіледі.
Кітапхана сайтына технологиялық жұмыстар жүргізіледі (өңдеу, жаңа деректермен толықтыру т.б.)
Web-РАБИС бағдарламасының 5 модулімен техникалық жұмыстар жүргізеді, осы бағдарлама бойынша кітапханашыларға оқу-тренингтер өткізіледі.
Қызмет түрлері:
— пайдаланушыларға ақпарат технологиялар негізінде қызмет көрсету;
— кітапханаларды автоматтандыру жүйесін дамыту;
— кітапхананың web-ресурстарын, веб-каталогтарын пайдалану;
— ақпарат іздеуде интернет қорларын пайдалану;
— құжаттарды электронды жеткізу;
Бөлім меңгерушісі: Мұқашева Алтын Сағымбайқызы
Тел.: 8/7122/ 20-92-85 (интернет залы)
Құжаттарды жинақтау, өңдеу, және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі
Құжаттарды жинақтау, өңдеу, және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі мемлекеттік тапсырыс бойынша республика баспаларынан түскен жаңа әдебиеттерді қабылдайды, жолдама құжаттарын рәсімдейді. Бөлім облыс кітапханаларының кітап қорларының толығуын қамтамасыз етеді.
Дәстүрлі жинақты, алфавиттік және жүйелік каталогтарды жүргізеді. Мерзімді басылымдарға жазылу, күнделікті кітапханаға түсуіне бақылау жасайды, кітап қорының есебін жүргізеді.
WEB-РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» және «Кітап қорын толықтыру» модульдері бойынша құжаттарды қабылдау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу, кітаптарды енгізу жұмыстарын жүргізеді.
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлім
Кітапхананың Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлімі З. Ғұмаров көшесі 88 «а» мекен жайындағы Зағиптар қоғамының ғимаратында орналасқан.
Арнаулы бөлімде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпараттарға еркін қол жеткізуі, оқып білім алуы үшін түрлі басылымдағы кітап қорларына (нүктелі-бедерлі қаріпте, дыбыстандырылған, жайпақ баспа қаріпте, электронды ресурстар) қол жеткізуі қамтамасыз етілген.
Арнаулы әдебиеттер, яғни дыбыстандырылған және нүктелі-бедерлі әдебиет түрлері Алматы және Шымкент қаласының арнайы кітапханаларының дыбыс жазу студияларынан және баспаханаларынан алынып тұрады. Сонымен қатар, Ресей баспаларынан шығатын нүктелі-бедерлі кітаптар, мерзімді басылымдармен толықтырылады.
Көрсететін қызмет түрлері:
— абонемент
— үйге қызмет көрсету және сырттай оқитын абонементтер;
— кітапханада арнайы компьютер және тифлотехниканы қолдануға беру;
— Брайль жүйесі бойынша жазу және оқыту үйірмесі;
— дауыстап оқу үйірмесі;
— кітапханаға байланысты анықтамаларды дайындау, оқырмандарға қажет
материалдарды, кітаптарды нүктелі-бедерлі қаріп түрінде шығару;
Оқырмандарға кітапханада фонотека, оқу залы, абономент бөлімдері қызмет көрсетеді.
Сондай ақ, зағиптар арасында сауатсыздықты болдырмау мақсатында зағиптарға арналған Брайль әліппесімен оқытатын үйірме жұмыс жасайды. Үйірмеде көрмейтін және көру қабілеті нашар балаларды мектепке дайындау мақсатында және бертін келе зағиптыққа ұшыраған жандарды Брайль әліппесімен оқу-жазуға үйретіледі.
Сонымен қатар дауыстап оқу үйірмесі қарқынды жұмыс жасайды. Аптаның сәрсенбі күні кітапханада немесе клубта, бейсенбі күні арнаулы оқу-өндірістік кәсіпорында қызмет ететін зағип жандар үшін газет-журналдардан әр түрлі тақырыптағы мақалаларды кітапхана қызметкерлері дауыстап оқып береді.
Үйге қызмет көрсету абонементі (денсаулығына байланысты жүріп-тұруы қиын жандарға) сұраныстары бойынша әдебиеттер таңдалып, үйлеріне жеткізіледі. Аудан оқырмандарына сырттай абонемент қызмет көрсетеді. Олар үшін арнаулы кітаптар почта арқылы жіберіледі.
Бөлім меңгерушісі: Каражанова Ботагоз Жолдасовна
Тел.: 8/7122/ 21-13-86
Негізгі қорларды сақтау бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеті – кітапхана қорын мәдени және ақпараттық мұраның бір бөлігі ретінде сақтау. Оқырмандардың ақпараттық сұраныстарына сай қызмет көрсету оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі (абонемент) мен оқу залы арқылы жүзеге асырылады. Бөлімде
«Сирек кездесетін кітаптар қоры» жинақталған. Басым бөлігінің электронды
нұсқасы бар.
Бөлім меңгерушісі: Құмарова Балия Смағұлқызы
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқырмандарға кітапханадан әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік беретін бірден-бір бөлім. Бөлімнің қоры қазақ және орыс тілдерінде әмбебап оқулықтар мен ғылыми-көпшілік әдебиеттер көркем әдебиеттер және ғылымның әр саласын қамтитын әдебиеттерден тұрады. Бөлімде ақын-жазушылармен шығармашылық кездесулер, әдеби кештер өткізіледі, айтулы күндерге, мерейтойларға арнап кітап көрмелері, жаңа әдебиеттер тұсаукесерлері, кітапханалық жобалар аясында да түрлі көпшілік шаралар ұйымдастырылады.
Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету туралы келісім шарт негізінде оқу орындары мен мекемелермен өзара тығыз байланыста жұмыс жасайды, сұранысқа орай көшпелі шаралар мен кітап көрмелерін ұйымдастырады.
Бөлімде оқырмандардың кітапханаға жазылу және қайта тіркелу жұмыстары, оқырмандардың жұмыс кестесіне сәйкес кіруін және шығуын бақылау
Web-РАБИС бағдарламасының «Оқырмандарды тіркеу» модулімен жүзеге асырылады. «Кітап берілімі» модулі арқылы оқырман сұраныстары қанағаттандырылады. Оқырмандардың кітаптарын кітапхана сайтындағы
on-line ұзарту арқылы ұзарту мүмкіндігі бар.
Бөлім меңгерушісі: Картбаева Ару Тулегеновна
Тел.: 8/7122/ 20-93-10
e-mail: abonoment_06@mail.kz
Өнертану бойынша әдебиеттер бөлімі
Бөлімде өнер туралы әдебиеттер дәстүрлі өнердің барлық саласын қамтиды. Олар: кітаптар мен альбомдар, бейнелеу өнері, музыка, театр туралы әдебиеттер, CD-ROM-дар.
Бөлімде өнер мен мәдениет саласының қайраткерлерінің мерейтойларына орай және кәсіби мерекелеріне орай суретті иллюстративті кітап көрмелері жасақталып, портреттік кештер, әдеби-сазды қонақжайлар өткізіледі.
Оқу залы
Оқу заланың кітап қоры әмбебап. Әр түрлі білім салалары бойынша әдебиеттер, энциклопедиялар мен анықтамалық басылымдар. Кітап пен кітап оқуды насихаттау мақсатында оқу залында кітап көрмелері мен жаңа кітаптардың тұсаукесерлері ұйымдастырылады, танымал тұлғалармен кездесулер, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, ақпарат сағаттар өткізіледі.
Бөлім меңгерушісі: Орынбасарова Улмекен Сержановна
Ауылшаруашылығы және техника әдебиеттері бөлімі
Ауылшаруашылығы және техника әдебиеттері бөлімінде осы саладағы әдебиеттер қоры жинақталған. Бөлімде кәсіби білім алуға, мамандық таңдауға көмек беруде әдебиеттер іріктеліп, ұсынылады. Бөлімдегі денсаулық, медицина, ауыл шаруашылығы және т.б. саладағы әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды насихаттау мақсатында кітап көрмелері, мамандармен кездесулер өткізіледі. Арнайы мұнай залында «Мұраты биік мұнайлы мекен» тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеге Қазақстан мұнайының шығу тарихы, мұнай саласындағы ірі кәсіпорындардың бүгінгі тынысы және мұнай саласының ардагерлері, өлкеміздің мұнай-газ саласының дамуына үлес қосқан майталмандар туралы әдебиеттер бар.
Мерзімді басылымдар залы
Қазақстан мен Ресейде шығарылатын мерзімді басылымдар, жергілікті газет-журнал қоры бар. Жыл сайын кітапхана қорына 169-дай атау қазақ және орыс тілдерінде басылымдар түсіп тұрады.
Бөлім қордағы 1946-1979 жылдар аралығындағы жергілікті «Прикаспийская коммуна» газеті мен барлық сала бойынша жаңа басылымдарға пайдаланушылардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Бөлімде ақпарат сағаттары, мерзімді басылымдар көрмесі, жылдам көрмелер т.б. өткізіледі.
Бөлім меңгерушісі: Сабирова Құралай Шапағатқызы