Құжаттарды электронды жеткізу

Ғ. Сланов атындағы ОӘҒК қорындағы және Қазақстан ірі кітапханалары мен деректер базасының қорларындағы мақалалар мен кітап бөліктерінің электрондық көшірмелеріне тапсырыс бере аласыздар. Тапсырыс кітапханада (2-ші қабат, каталог залы) рәсімделеді немесе сайтта тапсырыс формасын толтыру арқылы электронды орындалады. Облыстық кітапхана қорынан құжатты электронды жеткізу (ҚЭЖ) тегін жүргізліп, басқа кітапханалардың қорынан орындалған жағдайда бағасын жабдықтаушы кітапхана белгілейді.

Құжаттарды электронды жеткізу және тапсырысты орындаудың тәртібі мен шарттары:
• 1996 жылдың 10 маусымдағы № 6-1 Қазақстан Республикасының
«Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес, басылымның тек
15 %-ның электронды көшірмесі беріледі. Басылым толық көлемде көшірілмейді.
• Алынған  электрондық көшірме тек ғылыми және білім алу мақсатында пайдалануға рұқсат етіледі.
• Кітапхана мақалалар мен кітап бөліктерін іздеу, сканерлеу және жеткізу бойынша қызмет көрсетеді.
• Тапсырыстар жұмыс күндері сағат 10.00-17.00 дейін қазақ, орыс тілдерінде қабылданып, күрделілігіне қарай 2 тәуліктен 10 тәулікке дейінгі аралықта орындалады. Бір пайдаланушыдан бір күнде 1 тапсырыс қана қабылданады.
• Тапсырысты ibo_SIanov@mail.kz  электронды мекен-жайы арқылы немесе
8(7122)20-93-12 катологтар залы телефоны арқылы да жасауға болады.

Тапсырыс жіберу


ЭДД қызметіне келісім-шарт жасалған кітапханалар:

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы (ҚР ҰК) — http://www.nlrk.kz 
Электронды каталогы 1994 жылы құрылған. ҰК қорынан журнал және газет мақалаларына, авторефераттарға, монографияның жекелеген беттеріне тапсырыс беруге болады.

Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана (КазҰЭБ) – https://kazneb.kz/kk
ҚР ҰАК каталогтарына Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының қорына баспа және электронды ресурстар енгізілген. Каталог мынандай тақырыптық каталогтардан тұрады: «Кітаптар», «Медиатека», «Мұнай және газ», «Шет тіліндегі әдебиеттер», «Авторефераттар мен диссертациялар». «Е-көшірме» бөліміне үш каталог енгізілген: «Мәдени мұра», «Қазақстан», «Қазақстан кітапханаларының сирек басылымдары». Заңды түрде шектеу қойылмаған басылымдарды толық басып алуға болады.

Scroll to Top