Кітапхана тарихы
1920 жылғы 19 қаңтарда Халық ағарту уездік бөлімі Гурьев революциялық комитетінің мектептен тыс бөлімінде кітапхана бөлімшесі болып құрылды.
Әкімшілік-территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты кітапхана:
- 1926 ж. – 15 мамырда уездік:
- 1927 ж. – 13 маусымда орталық;
- 1928 ж. – 17 қаңтарда округтік;
- 1930 ж. – 17 ақпанда аудандық;
- 1933 ж. – 1 шілдеде қайтадан округтік;
- 1938 ж. – 12 ақпаннан бастап облыстық кітапхана болып құрылды.
Аудандарда аудандық кітапханалар құрыла бастады.
- 1948 ж. – Гурьевте және облыс аудандарында 28 кітапхана, бұдан басқа мектептерде, техникумдар мен өндірісте 42 кітапхана болды. Осы жылы облыста тағы да 7 кітапхана ашылды.
- 1953 ж. – облыстық кітапхананың ішкі бөлімдері: екі абонемент, оқу залы, көшпелі кітапхана ашылып, 6 қызметкер жұмыс жасады.
- 1957 ж. – маусым айында облыстық кітапханада әдістемелік кабинет құрылды.Оның мақсаты – аудандық, ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету, алдыңғы қатарлы іс-тәжрибелерді тарату.
- 1959 ж. – кітап қорын толықтыру және өңдеу, библиография бөлімдері ұйымдастырылды.
Әдістемелік және библиография бөлімдері өздері құрылғаннан бастап облыс кітапханаларының жұмысына басшылық жасап, әдістемелік көмектер көрсетумен қатар, кітапханашылардың кәсіби мамандықтарын арттыру және білімін жетілдіру мақсатында курстар, стажировка-практикумдар, зерделі кеңестер өткізе бастады.
- 1978 -1995 жж. аралығында облыстық кітапханаларда, Жылыой, Балықшы, Исатай, Махамбет, Құрманғазы аудандық орталық кітапхаларда әртүрлі тақырыптарда зерделі кеңестер ұйымдастырылды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жарияланған «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», «Халық бірлігі мен ұлттық тарих», «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы», «Мәдениетті қолдау», «Тәуелсіздіктің 10 ждылдығы», «Денсаулық сақтау» жылдары кітапханалар осы бағытта әдебиеттерді насихаттап, көпшілік шаралар өткізді.
- 1995 ж. – Стамбулда өткен Халықаралық кітапханалар қауымдастығының 61-ші бас конференциясы жұмысына қатысты.
- 1997 ж. – Кітапхана процестерін автоматтандыру жұмысы басталды.
- 1998 ж. – Облыстық кітапхананың құрылғанына 60 жыл — ғылыми — практикалық конференция өткізілді.
Республикалық кітапханашылар съезіне облыстан делегаттар қатынасты.
Кітапхана ҚР Кітапханалар қауымдастығына мүше болды.
- 2000 ж. – Кітапханада “РАБИС” бағдарламасы бойынша электронды каталог жасақтала бастады.
- 2001 ж. – Кітапханаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі №1000 қаулысымен облыстық кітапханаға қазақ жазушысы Ғабдол Сланов есімі берілді.
- 2002 ж. – IREX-IATP — Интернетті қоғамдық пайдалану орталығымен серіктестік құрылды.
- 2003 ж. – Берлинде өткен Халықаралық кітапханалар қауымдастығының 69-ші бас конференциясы жұмысына қатысты.
- Күрескер-ақын М.Өтемісовтің 200 жылдығына орай “Махамбет-200” веб-сайты жасақталды.
- 2004 ж. –“Мәдени мұра” веб-сайты жасақталды.
- Кітапхана веб-сайты жасақталды.
- 2005 ж. – Кітапханада Американдық бұрыш /кітапхана/ ашылды.
- 2006 ж. – Кітапхана мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды.
- 2009 ж. –10 шілдеде «Нұрсая» ықшам ауданында бой көтерген Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының жаңа ғимараты ашылды. Ғимараттың ашылу салтанатында мәдениет саласы ардагері О. Қарасаев, кітапхананың жарты ғасырдың үстінде байырғы оқырманы, профессор Қ. Жүсіп, облыс әкімі Б.С. Рысқалиев, кітапхана басшысы Қ.К. Қабиева өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді.