Кітапханаға қалай жазылуға болады?

Әр азамат жасына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасының пайдаланушысы бола алады.

Кітапхананың қызметін пайдалану үшін тіркеу бөлімінен оқырман билетін алу қажет. Оқырман кітапханаға тіркелу үшін қандайда бір жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі керек. Кітапханаға жазылу автоматтандырылған тәртіпте жүзеге асырылады, сонымен қатар бірыңғай пластикалық билет беріледі (фотосурет тіркеу барысында ақысыз жасалады).

Оқырман билеті ұзақ мерзімге беріледі. Әр жылдың басында ақысыз қайта оқырман жеке құжаты арқылы тіркеуден өтеді. Кітапханаға жазылу барысында «Кітапхананы пайдалану ережесі» мен танысу керек етіледі.

Scroll to Top