Досжан Сәуле. Бала шақтан – болашаққа
| Жыл | 2025 |
| Баспа | Дәуір |
Досжан Сәуле. Бала шақтан – болашаққа: ғұмырнамалық-танымдық повесть. — Алматы: Дәуір , 2025. — 160 бет.
Кітап Қазакстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың өмір жолын, оның ата-анасының тағдырын, балалык шағының ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Негізінен бұл шығармада елімізде отбасы институтын дамытуға, ата-аналардың өз перзенттерінен тұлға өсіргісі келетін армандарын шыңдауға, балалардың алдарына мақсат қойып, сол мақсат-тілекке жету жолындағы ата-ананың рөліне айырықша мән берумен қатар жастарға ынта-жігер, талап, күш береді. Жазушы Кемел Тоқаевтың сол кездегі әдеби ортамен араласуы, сондай-ақ, сол уакыттағы қоғамдық тұрмыс пен адамдардың өзара ізгілік карым-қатынасы жөнінде қызықты әрі маңызды мәліметтер ұсынылған. Автор жастарға еліміздің саяси және әлеуметтік дамуындағы алуан түрлі аспектілерді түсінікті тілде жеткізуді мақсат тұтады.
Бұл кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған. Олардың адамгершілік құндылықтарын, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға және тарих пен мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Жастарға өмірдің әр түрлі кезеңдерінде өзін дұрыс бағытта ұстау, өз елін сүю және оның дамуына үлес қосу сияқты маңызды сабақтар беріледі.