Жүнісов Сәкен. Заманай мен Аманай
| Жыл | 2025 |
| Баспа | Фолиант |
Аннотация
Жүнісов Сәкен. Заманай мен Аманай: хикаят [12+]. — Астана : Фолиант, 2025. — 232 бет.
Сәкен Жүнісовтің қазақ прозасындағы орны ерекше, табысты туындыларының бірі — «Заманай мен Аманай» хикаятында ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді. Ұжымдастыру уақытында жат мекен, өзге жерге қоныстанған қазақтардың сұрықсыз өмірі мен күйбең тірлігін суреттейтін, романның жүгін көтерген бұл хикаяттың өскелең ұрпаққа берері мол.
Өзге мекенде күн кешіп, өзге бұлақтан су ішіп, өзге ауамен тыныстаса да, жүрегі туған жер деп соққан жандардың кіндік қаны тамған өлкені сағынуы, аңсауы оқырманның тұла бойын нәзік сезімге толтырып, ұлтын, Отанын сүюге үндейді.