Сматаев Софы. Елім-ай.
| Жыл | 2025 |
| Баспа | Сардар |
Сматаев Софы. Елім-ай . 2-том. — Алматы: Сардар, 2025. — 560 бет.
Романның көркемдік қүрылымында хандар мен сұлтандардың, билер мен батырлардың қалың қатары көрініс береді, халық, бұқара тіршілігі де кең орын алады. Тарихи дәуір, тарихи тұлғалар болмысы, халық өміріндегі трагедиялық әрі қаһармандық кезеңнің шындық оқиғалары пайымдалады. Жазушы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атанып кеткен ауыр тарихи кезеңді суреттей отырып, жоңғарларға қарсы күрестің бүкілхалықтық сипатын ашады, сол күрестің қозғаушы күштерін шебер сипаттайды.
Романда кейіпкерлер саны өте көп. Сонда да автордың айрықша бейнелегісі келген адамдарына тоқталып өтуге болады. Олар: Жәңгір сұлтан, Ошаған би, Қазыбек би, Бөгенбай, Райымбек, Олжабай, Атығай Дәулетбек бай (Даңқой), Атығай Бақтыбай би Дәулетбекұлы секілді тарихи түлғалар, Қуат пен Жомарт батырлардың отбасы, олардың арманы мен бейнеті шым-шытырық тартысты оқиғалардың ортасында көзге шалынып отырады. Осылардың басындағы жағдайлар арқылы жазушы тарихи кезең шындығынан елес береді.