Кітапхана қызметтері

Кітапхана қызметтері
Оқырман-пайдаланушыларға кітапхананың барлық қызмет түрлері тегін көрсетіледі. Тіркеуден өткен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде (абонемент) үйге кітап беру мерзімі 14 күн, ал кітапхананың оқу залдарында құжаттар үйге берілмеуіне байланысты, отырып пайдалану мүмкіндігі бар. Сирек кездесетін құнды кітаптар, анықтамалық және энциклопедиялық басылымдар үйге берілмейді.
• Пайдаланушыны кітапханада тіркеу
• Ақпарат көздерін іздеу және таңдау бойынша кеңес беру
• Кітапхана бойынша экскурсиялар өткізу
• Өлкетану саласы бойынша ақпараттық-библиографиялық қызмет
• Жаңа әдебиеттердің ашық қарауын ұйымдастыру
• Көшпелі шаралар мен кітап көрмелерін ұйымдастыру
• «Параграф» құқықтық ақпараттық жүйесі
• «Атырау» толық мәтінді деректер қоры
• Оқырмандардың сұраныстары бойынша тақырыптық тізімдер құрастыру
• Ақпарат іздеуде интернет қорларын пайдалану
• Электронды каталог
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы
бөлімінің қызметі
Көрсететін қызмет түрлері:
• абонемент
• үйге қызмет көрсету және сырттай оқитын абонементтер
• кітапханада арнайы компьютер және тифлотехниканы қолдануға беру
• Брайль жүйесі бойынша жазу және оқыту үйірмесі
• дауыстап оқу үйірмесі
• кітапханаға байланысты анықтамаларды дайындау, оқырмандарға қажет
материалдарды, кітаптарды нүктелі-бедерлі қаріп түрінде шығару
Үйге қызмет көрсету абонементі (денсаулығына байланысты жүріп-тұруы қиын жандарға) сұраныстары бойынша әдебиеттер таңдалып, үйлеріне жеткізіледі. Аудан оқырмандарына сырттай абонемент қызмет көрсетеді. Олар үшін арнаулы кітаптар почта арқылы жіберіледі.

Scroll to Top