«Жаңа технологиялар – кітапхана ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық кітапханашылардың іскерлік кездесуі
24.09.2025

«Жаңа технологиялар – кітапхана ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық кітапханашылардың іскерлік кездесуі

Кітапханада Атырау облысы әкімдігі, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Жаңа технологиялар – кітапхана ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық кітапханашылардың іскерлік кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты:
• Ортақ іс-қимылдарды үйлестіру және кітапханашылардың белсенділігін арттыру арқылы еліміздің кітапхана саласының дамуына үлес қосу;
• Кітапханалардағы қызмет көрсету процестерін цифрландыру және инновациялық тәсілдерді жетілдіру;
• Мамандар арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық үшін платформа құру;
• Мамандықтың беделін арттыру және оң имиджін қалыптастыру.
Кездесуге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты көпшілік кітапханалардың кітапханашылары қатысты.
Сонымен қатар баяндамалар жасалып, «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай семинар-тренинг пен кітапханашылар арасында «BOOK QUIZ» интеллектуалдар сайысы өтті.
Іскерлік кездесуге қатысушыларға Облыстық балалар кітапханасы, Қалалық орталық кітапхана, Атырау облыстық өлкетану мұражайы мен Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына экскурсия жасалды.

Scroll to Top