«Ақпараттың библиографиялық сипаттамасын жасау үшін қолданылатын негізгі жолдар ережесі» кәсіби оқу
Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 2025 жылдың 17-18 қараша күндері аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлеріне «Ақпараттың библиографиялық сипаттамасын жасау үшін қолданылатын негізгі жолдар ережесі» тақырыбында кәсіби оқу өткізілді. Оқу барысында «Кітап қорын толықтыру», «Каталогизатор» модулдерін қолдану туралы түсінік, Веб-Рабис автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық бағдарламасына библиографиялық сипаттамаларды Мемлекетаралық стандарт ережесін сақтау арқылы енгізу, әмбебап ондық жіктеу бөліктері, «Каталогизатор» модулі анықтамасының қатесін тазалап өңдеу әдістері туралы тәжірибелік сабақ және кеңес берілді. Соңында кітапханашылар өзара пікір алмасып, электрондық ДҚ-мен жұмыс істеу, толық мәтінді құжаттар, электронды каталог, кітапхана жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

