Өлкетануға қатысты мақалалардың электронды нұсқасы

Өлкетану қоры

Кітап басылымдары – кітапхананың өлкеге байланысты кітап қоры шамамен 800 жуық атаудан тұрады, қазақ және орыс тілдерінде. Кітап қорын  сақтау бөлімінде сирек кездесетін әдебиеттер бар. Олар:

     Большая Эмба Т.1. : Нефть, бор и другие ископаемые ресурсы Урало-Эмбинской нефтеносной области. — Москва-Ленинград:  АНСССР,  1937. — 908 с.  

     Брик Б. Василий Чапаев : поэма. – Москва: Художественная литература, 1938. — 64 с. 

      Вяткин М.П. Сырым батыр. – Алматы : Қазмембас, 1951. — 400 бет 

     Заливы Каспийского моря: Труды по комплексному изучению Каспийского моря. Вып. ІІ. Рыбы и рыбный промысел. – Москва-Ленинград: АНСССР, 1938.  — 141 с. 
         
     Луговской В. Каспийское море. – Москва : Художественная литература, 1936. — 79 с.

      Наша Эмба нефтяная : сборник статей, посвященных 40-летию Казахской ССР. — Гурьев, 1961. – 124 с.

      Проблемы Волго-Каспия. 2. – Ленинград : АНСССР, 1934. – 720 с. 

      Пески Урало-Эмбинского района и пути их основания. Т. 1 / А.Г. Гаель, М.С. Коликов, Е.А.Малюгин, Е.С. Останин ; отв. ред. Н.В. Павлов. – Алматы : Изд-во АН КазССР, 1949. – 272 (2) с.  

       Рыбы Каспийского моря : материалы по биологии и систематике. Труды. Т. 18. — Москва: Изд-во Моск. Испытателей Природы, 1951. — 255(1) с. 

      Арефьев А.В., Васильковский С.В. Опыт проектирования и строительства жилого городка в Гурьеве. – Москва : Гос. изд. арх.  и градстр.- ва, 1950.  — 120 с. 

Жергілікті мерзімді басылымдар – облыстық, аудандық газеттермен қоса 11 атаудан тұрады. Кітапхана қорында 1946 жылдан бастап
«Прикаспийская коммуна» облыстық газеті сақталған және «Атырау» облыстық газеті (1923 жылдан бастап шығады, бұрынғы атауы «Коммунистік еңбек»), «Серпер» (Құрманғазы ауданы), «Нарын таңы» (Исатай ауданы), «Кең Жылой» (Жылыой ауданы), «Жайық шұғыласы» (Махамбет ауданы), «Мақат тынысы» (Мақат ауданы), «Дендер» (Индер ауданы), «Қызылқоға» (Қызылқоға ауданы) 7 аудандық газеттер бар.
Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегі – 1995 жылдан бері шығарылады. Күнтізбеде Атырау өңірі тарихының елеулі оқиғалары, қоғамдық-саяси қызметі, ғылымы, мәдени өмірі, саясаткерлер, жазушылар, мәдениет қайраткерлері мен өлке зерттеушілері туралы аталып өтетін күндер тізбесін береді.
Электрондық каталог – кітаптар, мақалалар, соның ішінде өлкетанулық мазмұндағы басылымдар туралы ақпараттар қамтылған.
«Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана – ҚазҰЭК» — да облыстық кітапхана қорындағы өлкетану басылымдарының электрондық көшірмелері орналасқан.
«Атырау» ДҚ — Атырау облысында туып өскен немесе өңірді дамытуға зор үлес қосқан әйгілі жерлестер, өлкеге еңбек сіңірген қайраткерлер, қуғын – сүргін құрбандары, соғыс ардагерлері, күйші–сазгерлер, жалпы Атырау облысының тарихы туралы толық мәтінді дерекқор қазақ және орыс тілдерінде.

Scroll to Top