«Ермек Серкебаев — опера өнерінің дүлдүлі»
02.07.2026
Ғ.Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі Кеңес Одағының халық әртісі, қазақтың белгілі опера әншісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ермек Серкебаев — опера өнерінің дүлдүлі» тақырыбында библио десант мүгедектігі бар адамдарға арналған «Тең қоғам» — әлеуметтік қолдау көрсету орталығында өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қазақтың ән өнерін Еуропа мен Азияның көптеген мемлекеттерінде және АҚШ-та өткен қазақ мәдениетінің күндерінде кеңінен насихаттап, әлемдік биікке көтерген Е.Серкебаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар берілген ақпарат бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сондай-ақ Е.Серкебаев туралы бейнебаян көрсетіліп, іс-шара соңында аталған тақырып аясында жасақталған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
https://www.instagram.com/reel/DaSI1PHNS2r/?igsh=MWtzYjkycGgwZXY3OA