«Ана тілім – асыл қазынам» дөңгелек үстел
08.09.2026

«Ана тілім – асыл қазынам» дөңгелек үстел

03.09.26

Ғ. Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана тілім – асыл қазынам» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімінің бас маманы»Шакиров Заманбек Зұлхарнайұлы, «Тіл оқу-әдістемелік орталығының Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері» Тасқали Мейрамгүл Оңайбайқызы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Хайржанова Бибігүл Сейілханқызы мен Атырау облысы Әділет департаментінің мамандары, студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға «Тілге құрмет – елге құрмет» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Білікті мамандар өз тәжірибелері мен кәсіби көзқарастарына сүйене отырып, бірнеше сауалдарға жауап берді. Дөңгелек үстел қызықты әрі мазмұнды өтуі үшін интеллектуалдық ойын ойнатылды.

Іс-шарада ана тіліміздің қадірі, тілге деген құрмет және оның ұлт өміріндегі маңызы жайлы мазмұнды ойлар айтылды.

Шара соңында, қонақтарға арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

https://www.instagram.com/p/Dc1BNTQOojh/

Scroll to Top