Жобаның мақсаты: Қазақстан азаматтарының бойында бала кезден кітап оқудың тұрақты дағдысын қалыптастырып, еліміздің әлемдегі ең көп кітап оқитын он мемлекеттің қатарына қосылуына ықпал ету.

Марафон мерзімі: қыркүйек 2026 – сәуір 2027 аралығын қамтиды.

Бағыттар:

«Кітап оқитын әулет»

«Кітап оқитын мектеп»

«Кітап оқитын колледж»

«Кітап оқитын университет»

«Кітап оқитын педагог»

«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»

«Кітап оқитын зияткер»

Тапсырма: марафон аясында өз бағытың бойынша ұсынылған 15 кітапты оқу.

Марафонның барлық кезеңінен өтіп, «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының жеңімпазы атану мүмкіндігіне ие болыңыз!

Жүлде қоры:
1 орын – 600000 теңге

2 орын – 450000 теңге

3 орын – 300000 теңге

Елімізде алғаш рет «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны басталды!

Кітап оқу – білімге бастар жол, ойды дамытар күш, жүрекке жақын рухани азық.

Сіздерді «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысып, оқу мәдениетін бірге қалыптастыруға шақырамыз!

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында  «Кітап оқитын әулет» бағыты бойынша оқылатын кітаптардың  электронды нұсқаларын онлайн оқу ұсынамыз!

15
барлық кітап саны
КІТАПТАР АВТОРЛАР БОЙЫНША А-ДАН Я-ҒА ДЕЙІН
Scroll to Top