15.05.2026

«Бәрін білгім келеді» жүйесі бойынша білім сайысы өткізілді

13 қараша күні «Біз білімге құштармыз» атты жоба аясында халықаралық зағиптар күніне орай «Бәрін білгім келеді» атты зағип оқырмандар арасында Брайль жүйесі бойынша білім сайысы болып өтті.

Сайыстың мақсаты зағип жастардың Луй Брайль әліппесі бойынша білімін толықтырып, ақыл-ой біліктілігін жетілдіру, кітапхана оқырмандарының Брайль жүйесі бойынша оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Байқауға арнаулы бөлімнің оқырмандары қатынасты. Байқауда сайыскерлер Брайль әліппесімен оқу және жазу бойынша, ой-өрісін, жылдамдығын анықтау мақсатында жұмбақ жасыру, мақал-мәтел, жаңылтпаш айту жарысы, дәнді дақылдарды айыру сияқты сындарға түсіп, өз мүмкіншіліктерін көрсете білді.

Сайысқа қатынасқан жастарға алғыс хат пен сыйлық тарту етілді.

Scroll to Top