«Жан жылуы» атты мерекелік кеш болып өтті
Арнаулы бөлімде Қазақстан Республикасы Мүгедектер күніне арналған «Жан жылуы» атты мерекелік кеш болып өтті. Кешті Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысы Жоламанов Әбіл Таупиқұлы құттықтау сөзімен ашып берді. Жас оқырмандарымыз парадзюдо бойынша Азия чемпионы, талантты музыкант Альфия Тілекқабыл «Жұлдызым» әнімен жалғастырып, Тұрашев Жасұлан мүмкіндігі шектеулі ақын Қапарова Базарханның «Көздерім жүрегімде» атты шығармасын мәнерлеп оқып, көрермен ризашылықтарына бөленді. Кеш жалғасы оқырмандар арасында үлкен буын «Сұңқар» және жастар буыны «Жас қыран» тобы болып бөлініп, «Бір ел-бір кітап», «Бір өлке-бір жазушы» бойынша және жұмбақ, мақал, ән жарыс, таңдалған сөзден сөз құрап Брайльша жазу сияқты ойындар ойналып, өз білімдерін, ойлау қабілеттерін, жылдамдықтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Кеш соңы оқырмандарымыздың орындауындағы Жарасқан Төлебаевтың әні «Алғыс» әнімен аяқталды.