КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Темірбек Жүргенов – асыл өнердің алып нары

Есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Темірбек Жүргенов – асыл өнердің алып нары» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Қазақстанда ғылымның, мәдениеттің алғаш негізін қалаған тұлғалардың бірі. Қысқа ғұмырының ішінде артына өшпес із қалдырған ұлы тұлға Т.Жүргенов қазақы қалпымызды сақтауға және мәдениетіміз бен өнерімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ардақты азаматтың руханият тарихында алатын орны бөлек.

Шара барысында кітапханашы Т.Жүргеновтің тарихи тұлғасы мен қайраткерлік қарымы және тағылымға толы өнегелі ғұмыры туралы мәліметтерді әңгімесіне арқау етті. Сондай-ақ мемлекет қайраткері туралы жазылған әдебиеттер мен мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар оқырмандар назарына ұсынылды. Шара соңында оқырмандарға бүгінгі ұрпақ есімін құрметпен атайтын айтулы тұлға көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің өмірі мен еңбектерінен сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

 

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/posts/671810131751272

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер