КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Ақ жаңбырын құяды өлең – кеудем

          Осыдан жарты ғасырдай уақыт бұрын оқырманға төгілген жыр шумақтарымен танылған, кейін қазақ әдебиетінде қара сөздің зергері атанған академик жазушы Зейнолла Қабдоловтан «Қасыммен жырын қайраған ақын» деп әділ бағасын алған көрнекті ақын, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Баспалар сыйлығының екі дүркін лауреаты, ондаған кітаптың авторы Аманқос Ершуовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ақ жаңбырын құяды өлең – кеудем» атты еске алу кеші өтті.

          Аманқос Ершуов Ақкиізтоғай балаларын әдебиеттің уызына, нәріне қандырған ерекше ұстаз еді. Ауыл мектебінде әдебиеттен дәріс бере жүріп, аядай ғана Ақкиізтоғай  ауылынан республикаға танымал Өтеген Оралбаев, Аман Жанкеев және өз перзенті Маржан Ершу тәрізді ақындарды тәрбиелеп шығарды. Бүгінгі кеште ақын шәкірттері мен замандастары, елімізге белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері бой көрсетті.

          Сонымен қатар ақынның әке жолын қуған аяулы қызы, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Маржан Аманқосқызы Ершудың бастамасымен басылып, жарық көрген Аманқос Ершуовтың «Бармақбайдың басынан кешкендері» атты мектеп жасындағы балаларға арналған көркем суретті кітабының тұсаукесері өтті

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=668319025433716&id=100067668725855&eav=AfbpYYUBvsPgKbwpw78lx2b-1ePuSBwSlIPLfs8H-9RLQHVDkKPqKG5IeZaAFLzNhDk&m_entstream_source=timeline&paipv=0

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер