КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Әдебиет әлемінің бір бекеті

 

          Кітапханада ақын, жазушы, Махамбет сыйлығының иегері Бекет Қарашинннің туғанына 70 жыл толуына орай «Әдебиет әлемінің бір бекеті» атты тақырыппен жыр кеші ұйымдастырылды.

          Атыраулық қаламгер Бекет Қарашин өз халқының талантты ақыны.  Ол өзіндік ой-пікірі бар зерттеуші, тілтанушы, ақын, жазушы ретінде қалыптасқан адам. Оған қоса туған өлкесінің табиғатының жанашыры – эколог мәртебесінің де иегері. Осындай әмбебаптық қасиеті оның шығармашылығынан да орын алары сөзсіз.  Ақын өзінің рухани күшімен таңдандыра отырып, оқырмандарды шексіз кезеңдерге, алыс қияндарға саяхатқа жетелейді. Оның өлеңдері ой мен әрекетке, еркіндік үшін күресетін адамзат жаратылысына арналған.

          Кешке Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Шет тілдерді оқыту әдістеме кафедрасының аға оқытушысы Тлеугалиева Айман Таймановна және педагогика ғылымдарының магистрі Мұхан Таңшолпан, тәлімгер Туленова Гүлзада қатынасып, студенттер ақынның «Я казах небесный тюрк», «Стихи о стихах», «Отчаяние» және аудармалары «Славный войн Махамбет», «Я оставил свой Нарын» т.б. өлеңдерін оқып, пікір алмасты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=660689992863286&id=100067668725855&eav=Afa4UpjNC4DQlJ3vKgjiW9t9Ne1aqRy2pRlUroguAHWCblZ2RhWmT2SSbLJtb0umfJA&m_entstream_source=timeline&paipv=0

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер