Мүбарак Көкбөрі. Меңді жүрек

Жыл 2025
Баспа Болашақ
Аннотация

Мүбарак Көкбөрі. Меңді жүрек. — Алматы: Алматы- Болашақ, 2025. — 192 бет.

Жинақта миф пен шындық, аңыз бен бүгінгі күн, жер мен аспан, арман мен дерт қатар өріледі. Кейіпкерлердің бірі — арыстанға айналған жас жігіт, бірі — сөйлеуге қабілетті ақ мысық, енді бірі — болашақтың ханзадасы немесе қабірді жарып шыққан жан. Мұнда қазақ руханиятының архаикалық қуаты да, ғаламдық ойдың түпсіздігі де астасып, адам жанын түршіктіріп те, шабыттандырып та отырады. Константинополь қабырғасынан естілген қыпшақ дауысы, көкшұбар аттың иісі, ұлы жусанның тылсым тынысы, жұлдыз жарығынан жаралған адамның сырлы болмысы сіздің де бекер адам еместігіңізді еске салады.
Әңгімелердің әрбірі оқырманды өзгеше кеңістікке жетелейді: кейде тарих қойнауына, кейде болашаққа, кейде жүректің меңді түкпіріне, кейде уақытқа дейінгі уақыттың шекарасына.

Scroll to Top