Жүкеш Қанағат. Тіл, ой, мәдениет категориялары: индустриялы қоғамда әрекеттесуі
| Жыл | 2025 |
| Баспа | Баспа сервис |
Жүкеш Қанағат.Тіл, ой, мәдениет категориялары: индустриялы қоғамда әрекеттесуі. – Алматы : Баспа сервис, 2025. – 360 бет.
Кітапта қазақ тілін индустриялы қоғамның нормаланған әдеби тілі ретінде дамытудың ғылыми жолдары қарастырылады. Тіл, ой, мәдениет арасындағы
себеп-салдарлық байланыстарды ашу арқылы қазақ руханиятының қазіргі күйіне сипаттама беріледі. Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың сілтеуі бойынша, Еуропа елдерінің лингвистика ғылымдарының әмбебап корытындылары тұрғысынан, қазақ тілінің, ойының және оның жемісі болып отырған ұлттық мәдениеттің мәселелеріне талдау жасалады. Тіл стандарты, толыққанды тілдік орта қалыптастыру, тіл контентінің сапасын көтеру арқылы қазақ тілін үйренуге қажеттілік тудыру жолдары қарастырылады. Тілдің философиялық мәселелері мәдениет туындыларының, білім беру және баспасөз контентінің сапасы мен мазмұны заманауи азаматтың рухани қажеттіктерін қанағаттандыру тұрғысынан зерделенеді. Тіл мәселесін шешудің тың жолдары ұсынылады.