«Әке аманаты – киелі тапсырыс» кітабының тұсаукесері
Ғ.Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы филология ғылымдарының докторы, Академик, Қазақстанда әлеуметтік лингвистиканың негізін қалаушы, ғалымдар арасында грек-рим күресінен спорт шебері Бақытжан Хасанұлының Атырау өңіріне кеңінен танылған қырық жылдай мал дәрігері қызметінде Атырау облысының Нарын құмы мен Еділ, Жайық екі өзен аралығында төрт түлік малдың маманы болып қызмет атқарған. Ардагер мал дәрігері атанған Қаламғали Хасанұлының өмірі мен қызметіне арналған және әкенің өмірлік ұстанымы мен тұжырымдары жазылған «Әке аманаты-киелі тапсырыс» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға өлкемізге белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, тарихшылар, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұстаздары мен студенттері және кітап кейіпкері Қаламғали Хасанұлының ұрпақтары қатынасты.
Кітаптың тұсауын кесу рәсімі Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Өтешов Мұрат Сақтайұлы, Қазақстанның Құрметті жазушысы, публицист, өлкетанушы, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жаңабайұлы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, тарихшы-ғалым, профессор Нағимов Шахман Нағымұлы, аталмыш кітап авторы Бақытжан Хасанұлының інісі Хасанов Сағидолла Қаламғалиұлына ұсынылды.
Іс-шарада сөз алған зиялы қауым өкілдері кітап туралы ойларын ортаға салды. Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі Бақытбек Сәрсенов М. Мақатевтың «Әкеге сәлем», С. Бәкіровтің «Не пайда» әндерін орындап іс-шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.