«Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтаныш»
4 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтаныш» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, Мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы ақпарат ерекше оқырмандар үшін дауысталып оқылды.
Ақын Жұмекен Нәжіденовтың «Менің елім», Фариза Оңғарсынованың «О, туған жер» атты шығармалары мәнерлеп оқылып, Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні оқырмандармен бірге шырқалды.
Оқырмандарға осы тақырыпта дайындалған кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге зағип оқырмандар үшін арнаулы бөлімнен дайындалған Қазақстан Республикасының рәміздері туралы нүктелі-бедерлі кітабы, көпшілікке арналған жайпақ баспадағы Ы,Сағынтаев, З.Сағынтаеваның «Қазақстан Республикасының рәміздері», Е.Шаймерденовтың «Елтаным», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» атты кітаптар қойылып, насихатталды.