«Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!» экосағат
15.06.2026

«Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!» экосағат

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқырмандарға табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу мақсатында 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!»тақырыбында экосағат өтті. Іс-шараға Қалалық Маслихат депутаты, Атырау қаласының экология комиссиясының төрағасы, эковолонтер Күмісқалиев Руслан Асылбайұлы және «Тең қоғам»бірлестігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері, кітапхана оқырмандары қатынасты.

Шара қонағы Руслан Асылбайұлы экология туралы қажетті ақпараттармен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара барысында оқырмандарға кітап көрмесі таныстырылып, бейнежазба көрсетілді. Іс-шара соңында арнайы келген қонағымызға кітапхана атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.

https://www.instagram.com/p/DZKIuQGOFCi/

Scroll to Top