«Абай әлемі» әдеби сазды кеш
10.08.2026

«Абай әлемі» әдеби сазды кеш

10.08.26

10 тамыз күні зағиптар қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай әлемі» әдеби сазды кеш болып өтті. Әдеби кеш аясында ұлы ақынның өмірімен шығармалары туралы дерек дауысталып оқылды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары ақынның “Өлсем, орным қара жер сыз болмайма”, “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”, “Жүрегім, нені сезесің”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес”, “Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да” атты өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділерді мәнерлеп оқып, “Көзімнің қарасы”, “Желсіз түнде жарық ай” атты есті әндерін көрерменмен бірге шырқады. Арнаулы бөлімнің тұрақты оқырманы Төлешов Ыбырай өзінің “Абайға арнау” атты төл шығармасын оқып, көрерменнің ықыласына бөленді.

https://www.instagram.com/p/Db2raTeOREH/

Scroll to Top