«Абай – дана, Абай – дара қазақта» әдеби кеш
10.08.2026

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» әдеби кеш

10.8.26

Абай күніне орай Ғ.Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттауға арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын жас ұрпаққа дәріптеу, оның тағылымды ойларын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды, кітап оқу мәдениетін және рухани тәрбиені дамыту.

Әдеби кеш барысында Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылып, ақынның өлеңдері мен қара сөздері мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар, Абай әндері шырқалып, қатысушылар ақын мұрасының бүгінгі қоғамдағы маңызы жөнінде өзара пікір алмасты.

Шара аясында арнайы  кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ақынның шығармалары, Абайтану саласындағы ғылыми еңбектер мен танымдық әдебиеттер ұсынылды.

https://www.instagram.com/p/Db3A7QuqMYz/

Scroll to Top