«Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері
28.08.26
Кітапханада ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі, Заң ғылымының магистрі, бірқатар БАҚ құралдарының тілші-авторы Мейірбек Бақытжанұлының анасы, ардагер ұстаз Зәмзәгүл Өтешованың 75 жасқа толуына орай жинақталған «Өнегелі өмір» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кітапта Зәмзәгүл Өтешованың өмір жолы, еңбек белестері, отбасы құндылықтары, қоғамдағы орны мен азаматтық болмысы жан-жақты қамтылған. Сонымен қатар әріптестері, шәкірттері, замандастары, туған-туыстары мен елге сыйлы азаматтардың жүрекжарды естеліктері мен лебіздері жинақталып, ардагер ұстаздың жан-жақты бейнесін аша түседі.
Бұл еңбек – бір адамның өмірбаяны ғана емес, ұстаздық қызметтің қадір-қасиетін, ананың мейірімін, еңбекке адалдық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын рухани мұра.