«Хамит Ерғалиев – ұлттық поэзияның көрнекті тұлғасы» тұлғатану сағаты
14.10.2026

«Хамит Ерғалиев – ұлттық поэзияның көрнекті тұлғасы» тұлғатану сағаты

14.10.2026

 

Бүгін кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай «Хамит Ерғалиев – ұлттық поэзияның көрнекті тұлғасы» атты тұлғатану сағаты өтті.

Іс-шараға Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Зина Кенжебаева ақынның «Байтақ Қазақстаным», «Биші қызға» атты өлеңін оқыды.

Сондай-ақ, Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Everest» дебат клубы қатысып, «Бұл палата Хамит Ерғалиев поэзиясын заман шындығынан гөрі мәңгілік құндылық деп есептейді» тақырыбында пікірталасып, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында қатысушы оқырмандарға арнайы алғыс хаттар табысталып, кітаптар сыйға берілді.

https://www.instagram.com/p/DeepRS6u7Nh/

Scroll to Top