«Қарасөздің маржаны» дауыстап оқу
Жазушы Шәрбану Құмарованың туғанына 90 жыл толуына орай «Қарасөздің маржаны» атты дауыстап оқу жүргізілді. Оқырмандарға жазушының өмірбаяны дауысталып оқылды.
Жазушы Шәрбану Құмарованың “Қыз сыры” атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Сонымен қатар, ол “Терезелер”, “Қос шынар”, “Сәуірдің ақ таңы”, “Қазбауыр бұлттар”, “Белое утро апреля”, “Қызыл қайың”, “Өмірім менің — өнерім”, “Әйел шырағы”, “Жердің тұзы”, “Сезім патшалығы” атты туындылардың, “Қара сандық”, “Күләш-Шара” атты драмалық шығармалардың авторы.
Жазушы шығармаларында адамның жан дүниесін сөзбен сурет салғандай жарқыратып аша алады. Шәрбану Құмарованың сөзі жеңіл, тілі құнарлы шығармалары туралы оқырмандарға қысқаша ақпарат беріліп, оқуға ұсынылды.